КІТАПХАНА МАМАНДАРЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

📚2026 жылғы 31 тамызда Кітапханалық-ақпараттық орталықтың Автоматтандыру және деректер базаларын үйлестіру бөлімінің қызметкерлері кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыруға және цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған оқыту семинарын өткізді.
📚Семинар барысында университет оқырмандарына қолжетімді халықаралық және отандық деректер базаларына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда: РМЭБ, «Параграф», IPR SMART, eLIBRARY.RU, «PROFобразование», E-UNI, Scopus, Web of Science, Wiley Online Library және EBSCOhost платформаларының мүмкіндіктері таныстырылды.
📌 Семинардың практикалық бөлімінде кітапханашылар арасында тестілеу ұйымдастырылды. Тестілеу қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейін бағалауға, семинар барысында алған білімдерін бекітуге және алдағы уақытта жетілдіруді қажет ететін бағыттарды айқындауға мүмкіндік берді.
Мұндай оқыту іс-шаралары кітапхана мамандарының үздіксіз кәсіби дамуының маңызды бөлігі болып табылады. Олар цифрлық ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге, заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануға және кітапхана пайдаланушыларына көрсетілетін ақпараттық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.
01 Қыркүйек 2026
29