«Кітап сыйла» челлендж-эстафетасы өтуде
 
тел: 8 (7262) 45 74 33 
lib@dulaty.kz
 
Дс.-Жм. 9.00 - 18.00

«Кітап сыйла» челлендж-эстафетасы өтуде

Құрметті профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар және студенттер!

📚 Қазақстан Республикасының Ұлттық кітап күніне арналған республикалық онкүндік аясында еліміздің жоғары оқу орындарында оқу мәдениетін дамытуға, кітап бастамаларын қолдауға және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған «Кітап сыйла» челлендж-эстафетасы өтуде.

✨ Аталған акция аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті Кітапханалық-ақпараттық орталығы Esil University Ғылыми кітапханасының директоры С.Е. Мустафинадан университет оқытушыларының 5 аталымнан тұратын 10 дана кітабын сыйға қабылдады. 

📖 «Кітап сыйла» акциясы оқу мәдениетін насихаттау, кітап құндылығын дәріптеу және жастардың зияткерлік бастамаларын қолдау идеясы аясында университет қауымдастығын біріктіреді.

🌟 Кітапханалық-ақпараттық орталық челлендж-эстафетаға қатысқаны үшін Esil University ұжымына шынайы алғысын білдіреді.