«#BILIM & INFO WEEK_2026» апталығының ашылуы
Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттар!
Сіздерді «Зерделі ұлт-кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылатын «#BILIM & INFO WEEK_2026» апталығының ашылу салтанатына шақырамыз!
Іс-шараның мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау, білім алушылардың танымдық белсенділігін дамыту және ой-өрісі кең, білімді, зерделі ұлт қалыптастыруға үлес қосу.
Өтетін күні: 2026 жылғы 14 қыркүйек
Өтетін орны: Технологиялық кешен, Кітапханалық-ақпараттық орталық, №2 оқу залы.
Баршаңызды кітап пен білімді дәріптейтін мазмұнды іс-шараның ашылуына белсенді қатысуға шақырамыз!
11 Қыркүйек 2026
15