8 (7262) 45 74 33 
lib@dulaty.kz
 
Mon.-Fri. 9.00 - 18.00

Secretaria de Relações Internacionais | Office of International Relations

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

   13 ақпан сағат 14:30-да "Ғылым саласында халықаралық ынтымақтастықтарды табу және нығайту. SciVal құралын қолдану әдістері" тақырыбында вебинар өткізіледі.
   Спикер:Рабиға Хожамқұл - Informascope компаниясының консультанты.
   Тіркелу сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/86035636040?pwd=SjWcKblmIYPZa DtoqeeVCbokLdTHQG.1
   Конференция идентификаторы: 860 3563 6040
   Кіру коды: 690411
   Өтетін орны: 2.3-308

Құрметті оқырман қауым!

  Сіздерді 2025 жылдың ақпан айының 12-ші жұлдызында, сағат 16-00-де «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында  №5 оқу залы қызметкері мен Тараз университетінің «Ұя» жастар ұйымы  бірлесіп  ұйымдастырған  «Оқуға құштар жастар» тақырыбындағы  дөңгелек үстелге шақырамыз!
   Іс-шараның мақсаты  - өңір жастарын кітап оқуға баулу, мәдениетті адам болуы үшін келешек ұрпақты рухани байлық - кітапты дәстүрлі оқи алатындай тәрбиелеу процессіне өзіндік үлесін қосу.
   📍 Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық, №5 оқу залы (4.1 кампус, Төле би, 68)

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

     2025 жылдың 5 ақпанында Дулати университеті мен Elsevier онлайн кездесуі SciVal платформасы мен оның мүмкіндіктерін атап өтті. Кездесу аясында қатысушылар SciVal функционалдық мүмкіндіктерімен танысты, сондай-ақ халықаралық жобалар мен ғылыми зерттеулердегі заманауи үрдістер туралы білді.
    2025 жылғы 10 ақпаннан бастап 21 ақпанға дейін SciVal платформасының сынақ нұсқасын пайдалану мүмкіндігі беріледі. Бұл барлық профессорлық-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлеріне, сондай-ақ студенттерге, магистранттарға, докторанттарға пайдалы болады.
       SciVal платформасына Scopus-та тіркелген логин -пароль бойынша кіруге болады.

Құрметті Қаратау тау-кен технологиялық колледжінің
оқытушылары мен студенттері!

   Сіздерді, 2025 жылдың 17-24 ақпан аралығында Кітапханалық - ақпараттық орталығында №1 оқу залының (2.6 корпус)  ұйымдастыруымен «Ақпарат күндеріне» шақырамыз. Сіздер техникалық және кәсіптік білім беру бойынша кітапхана қорына жаңа келіп түскен кітаптармен және E-UNI, PROFобразование электронды кітапханаларының ресурстарымен таныса аласыздар.

«БІР ЕЛ – БІР КІТАП - 2025» АКЦИЯСЫ
Құрметті оқырман қауым!

  Сіздерді 2025 жылдың ақпан айының 7-ші  жұлдызында, сағ. 12.00-де «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында   проза жанры бойынша ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығына арналған «Қазақ әдебиетінің сырлы суреткері – Тәкен Әлімқұлов» тақырыбында ашық алаңға шақырамыз! 
   Республикалық акцияның мақсаты - қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру. Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін насихаттау.
   Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,   №5 оқу залы (4.1 кампус, Төле би, 68)

Springer Nature журналдары мен мақалаларына 2025 жылғы 5 ақпаннан 5 наурызға дейін 1 айға тестілік қол жетімділік


    Құрметті ғалымдар, зерттеушілер, докторанттар, оқытушылар 2025 жылдың 5 ақпанынан 5 наурызына дейін Springer Nature журналдар мен мақалаларға тестілік қол жетімділікті ұсынады.
    Осы кезеңде университеттің компьютерлерінен немесе қашықтықтан (тіркеуден кейін) Scopus құрамына кіретін және Web of Science импакт-факторы бар мақалалар мен журналдарды іздеуге, жүктеуге, зерттеуге, құрастыруға болады.
    -журналдар мен мақалалар https://link.springer.com / 1997-2025 жылдардағы мақалаларға қол жетімділік ашылды. Олардың ішінде 2000-нан астам рейтингтік ғылыми журналдар мен барлық ғылыми бағыттар бойынша 6 млн.астам мақалалар бар.
    -журналдар мен мақалалар https://www.nature.com / 2000-2025 жылдардағы мақалаларға қол жетімділік ашық. Озық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы әлемдегі ең ықпалды 100-ден астам журналдар, олардың ішінде Nature, Nature Biomedical Engineering, Nature Catalysis, Nature Chemistry және т. б. журналдар бар.
    Тестке қол жетімділік кезінде семинарлар өткізіледі:
    2025 жылғы 11 ақпан, сағат 15.00-де - " Сайтпен жұмыс. Әдебиеттерді таңдау: Диссертацияңызда, мақалаңызда немесе ғылыми жобаңызда тиімді жұмыс істеу үшін Springer Nature журналдары мен мақалалары".
    2025 жылғы 18 ақпан, сағат 15.00-де - " Сайтпен жұмыс. Әдебиеттерді таңдау: Диссертацияңызда, мақалаңызда немесе ғылыми жобаңызда тиімді жұмыс істеу үшін Springer Nature журналдары мен мақалалары".