Хабарландыру!

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер! 

  Сіздерді, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №1, №5  оқу залдарының қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Ақпарат күндері» және «Кафедралар күндеріне» шақырамыз!
  - 2024 жылдың 08-14 қыркүйек аралығында, сағат 10.00-17.00 «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті»  және  «Әлем тілдері» кафедраларына;
  - 2024 жылдың 14-21 қыркүйек аралығында, сағат 10.00-17.00 «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің «Тарих» кафедрасына.

   Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отырып, кітапхана сайтының http://lib.dulaty.kz/ құрылымы туралы мағлұмат аласыздар.
                                                           БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
                                         Өтетін орны:
Кітапханалық-ақпараттық орталық,
                                                              №1 оқу залы (2.6)
                                                              №5 оқу залы (4.1 педагогикалық кешен)

ВЕБИНАР!

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

    Сіздерді онлайн іс-шараға қатысуға шақырамыз!
   Wiley Online Library барлығына ашық вебинар өткізеді. Тіркеліңіз, пайдалы ақпарат алыңыз:

  - 02 қазан сағат 11.00
   Тақырып: «Как публиковать в международном журнале» 
   Тіркелу сілтемесі:
   https://www.wileyresearcheracademy.com/p/webinar-kazakhstan-how-to-publish 
   - 02 қазан сағат 15.00 
    Тақырып: «Возможности Wiley Online Library» 
    Тіркелу сілтемесі: https://www.wileyresearcheracademy.com/p/webinar-kazakhstan-intro-wol 
  - 03 қазан сағат 11.00 
 
  Тақырып: «Навыки для успешной публикации в международных журналах» 
   Тіркелу сілтемесі: https://www.wileyresearcheracademy.com/p/webinar-kazakhstan-wra 
  - 09 қазан сағат 15.00 
   Тақырып: «Publishing in high-impact-factor journals: an overview» 
   Тіркелу сілтемесі:
   https://register.gotowebinar.com/register/8382084453606327899?source=WRA 

Хабарландыру!

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

   Сіздер үшін "AIP Publishing" баспасынан "AIP Complete" коллекциясының журналдарына (https://pubs.aip.org) және "SAE Mobilus" компаниясынан "SAE International!(https://saemobilus.sae.org) тегін тестілік қолжетімділік ашылды! 
   Тестке қол жеткізу мерзімі: 2024 жылдың 1 қазанынан 31 қазанына дейін.
  "AIP Publishing" баспасы американдық физика институтының (American Institute of Physics) коммерциялық емес бөлімшесі болып табылады, ол 80 жылдан астам уақыт бойы бүкіл әлем бойынша ғалымдарға, инженерлерге, оқытушылар мен студенттерге арналған физика ғылымдары бойынша зерттеулер жариялады. Қоғамның миссиясы-физиканы адамзаттың игілігі үшін дамыту. Баспа физика ғалымдарын біріктіреді, олардың зерттеулерін қолдайды және жаңа жетістіктерге ықпал етеді. Баспа портфолиосында физика ғылымдарының әртүрлі жоғары мамандандырылған салаларын қамтитын 50-ден астам басылымдар бар. Барлық дерлік журналдар Scopus және Web of Science-те индекстеледі, жартысынан көбі Q1 немесе Q2 Scopus (CiteScore) квартилдеріне кіреді.
  "SAE International" - адамзат игілігі үшін ұтқырлық саласындағы білім мен шешімдерді ілгерілететін автомобиль инженерлерінің жаһандық кәсіби қауымдастығы. 100000-нан астам инженерлер мен техникалық сарапшыларды біріктіре отырып, SAE International техникалық стандарттарды, журналдарды, кітаптарды және публицистикалық материалдарды шығарады. "SAE MOBILUS" платформасы-бұл 200 000-нан астам қолданыстағы және тарихи стандарттардан, техникалық құжаттардан, электронды кітаптар мен журналдардан тұратын, материалдары әуе, аэроғарыш және жер үсті көліктерін зерттеуде, әзірлеуде, өндіруде, қызмет көрсетуде және басқаруда қолданылатын толыққанды онлайн кітапхана.