Сіздерді жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін! Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын! Ізгі ниетпен: «Кітапханалық – ақпараттық орталық» ұжымы
«БІР ЕЛ – БІР КІТАП-2019» АКЦИЯСЫ
Барлық кітап сүйер қауымға акция аясында таңдалынған шығармамен тереңірек танысу үшін Кітапханалық-ақпараттық орталық оқырман конференцияларын, кездесулер, түрлі танымдық әдеби кештер, өмірі мен шығармашылығына арналған тұсаукесерлер және т.б. көпшілік іс-шаралар өткізеді. «Филология және журналистика» кафедрасының доценті Балзия Баешова өз сөзінде кешке атсалысқан студенттерге алғысын білдіріп, белсенді қатысқан студенттерді Университетіміздің Бірінші проректорының алғыс хатымен марапаттады. Көркем әдебиет секторының қызметкері Нұргүл Кабазова барша оқырман қауымды «Бір ел – бір кітап» акциясына қатысып, ақын-жазушыларымыздың шығармашылығымен танысуға шақырды.
Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық 2019 жылдың 19-ақпанында сағ.14.30 да университетіміздің кітапханалық- ақпараттық орталығының №1 оқу залы мен «Филология және журналистика» кафедрасының студенттерінің ұйымдастырумен қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықты насихаттау, олардың әлемдік ғылыми әдебиеттерге деген қызығушылығын арттыру, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша «Ұлттық аударма бюросынан» аударылған 19 аталымнан тұратын оқулықты таныстыру мақсатында «100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» - БОЛАШАҚҚА БАСТАМА» атты дөңгелек үстел өткізілді.