2019 жылдың 15- қарашасында сағ.14.30 да университетіміздің Кітапханалық- ақпараттық орталық № 1 оқу залы мен «Филология және журналистика» кафедрасының 1 курс студенттерінің ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жүзеге асырылғалы бері екі жылдың жүзі болды. Осы уақыт аралығында әлемдік деңгейде танымал оқулықтың 49 аталымы оқырмандарымызға ұсынылды. Аударылған кітаптар арасындағы лингвистикалық оқулықтардың қазақ тілі мен филология салаларында білім алып жүрген талапкер үшін қажеттілігі жоғары «100 жаңа оқулық» «Тілдік танымды арттыратын 5- кітап» атты дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстел барысында №1 оқу залының кітапханашысы Р. Жолтаева «Әлем маржандары қазақ тілінде» көрмесімен және «100 жаңа оқулық» жобасы жайлы айтып өтті. 1 курс студентері Ілесбай Ұлбосын Торе Джансонның «Тіл тарихы», Мекенбай Жансая Стивен Пинкердің «Тілдік инстинкт» атты туындысын, Жанайдарқызы Назира Виктория Фромкинаның «Тіл біліміне кіріспе», Өмірзақова Ұлбала Светлана Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация», Баянбек Ақниет Ю.М. Лотманның «Семиосфера» оқулығын оқыған кітаптарын ортаға салып , пікірлерін айтты. «100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған лингвистикалық кітаптар өзінің осындай маңыздылығымен ерекше. Кеш соңында топ кураторы Иматаева А. қорытынды сөз сөйледі. Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылауға байланысты бейнеролик көрсетілді. Бұл кітаптар оқырманның лингвистикалық білімін кеңейтіп, жүйелі білім алуына, профессор-оқытушылардың және студенттердің білуі тиіс лингвистикалық зерттеулермен танысуына да мүмкіндік береді.