ХАБАРЛАНДЫРУ!

 Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!

  22.10.2020ж - 22.12.2020ж аралығында Informascope компаниясы әлемге әйгілі Taylor&Francis ғылыми әдебиет баспасымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының барлық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары үшін Taylor&Francis Online ғылыми журналдарының толық мәтінді базасына тестілік қолжетімділік ұсынады (http://www.tandfonline.com/).
 Taylor&Francis Online Routledge шығаратын әлемдегі ең ірі әлеуметтік және гуманитарлық журналдар бағдарламасын; Taylor&Francis және Cogentoa ұсынған алдыңғы қатарлы теориялық және қолданбалы ғылыми, технологиялық және медициналық контентті, ашық қол жетімділіктің кең ауқымды журналдар жинағын қоса алғанда, 2600-ден астам журналдарды біріктіреді. Журналдар туралы толығырақ ақпарат тіркелген файлдарда көрсетілген.

 

ХАБАРЛАНДЫРУ!

                   Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!                  

        Мазмұнмен танысу: 2019/2020 жылғы ең танымал журналдар
        Төменде ғылыми қоғамдастыққа ұсынылатын материалдардың сапасын бағалау үшін 2019-2020 жылдардағы әлемдегі ең танымал 5 журнал бар.
Егер сіз Wiley ресурстарының сіздің ұйымыңызға қандай пайда әкелетінін білгіңіз келсе, Wiley журналдарының жинағына ақысыз кіру үшін тіркеліңіз.

бесплатный тестовый доступ

  ANGEWANDTE CHEMIE   ADVANCED MATERIALS   ADVANCED FUNCTIONAL MATERIALS   CHEMISTRY — A EUROPEAN JOURNAL   GEOPHYSICAL RESEARCH LETTERS

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!

   Кітапханалық-ақпараттық орталыққа «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорынан қазақ тіліне аударылған 30 аталым оқулықтың келіп түскенін хабарлаймыз! Осы оқулықтар көрмесімен төмендегі сілтеме арқылы танысуларыңызға болады: https://ru.calameo.com/read/00646334452a17134f026