ХАБАРЛАНДЫРУ!

  Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!

    Сіздерді, келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтай отыра, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың ұйымдастыруымен 24 желтоқсан күні сағат 11.00-де «OQÝ AIMAǴYNYŃ» (Жамбыл даңғылы,16А, 5-3 оқу кампусы) салтанатты ашылуына арналған "LIBRARY AWARDS – 2020" атты іс-шараға шақырамыз. БАҒДАРЛАМА

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқырмандар!

   Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлының туылғанына 110 жыл толып отыр.
   Б.Момышұлы тек қолбасшы батыр ғана емес, қарымды қаламгер.
   «Дана да дара, батыр тұлға  - Бауыржан» виртуалды кітап көрмесінде батырдың барлық шығармаларымен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар:

https://ru.calameo.com/read/0054583453ad55a380ed4

Көріңіздер! Танысыңыздар!

ВЕБИНАР!

Құрметті профессорлық – оқытушылар құрамы мен жас ғалымдар!

   22.12.2020ж. сағ. 16.30-да ZOOM  платформасы арқылы Clarivate Analytics компаниясы «Ғылыми мақалалардың жазылуы және оның халықаралық рейтингтік журналдарда жариялануы» атты вебинар өткізеді. Вебинар жүргізушісі - Clarivate Analytics компаниясының Web of science платформасының өкілі – Инеш Кенжина.