ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқырмандар!

   Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлының туылғанына 110 жыл толып отыр.
   Б.Момышұлы тек қолбасшы батыр ғана емес, қарымды қаламгер.
   «Дана да дара, батыр тұлға  - Бауыржан» виртуалды кітап көрмесінде батырдың барлық шығармаларымен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар:

https://ru.calameo.com/read/0054583453ad55a380ed4

Көріңіздер! Танысыңыздар!

ВЕБИНАР!

Құрметті профессорлық – оқытушылар құрамы мен жас ғалымдар!

   22.12.2020ж. сағ. 16.30-да ZOOM  платформасы арқылы Clarivate Analytics компаниясы «Ғылыми мақалалардың жазылуы және оның халықаралық рейтингтік журналдарда жариялануы» атты вебинар өткізеді. Вебинар жүргізушісі - Clarivate Analytics компаниясының Web of science платформасының өкілі – Инеш Кенжина. 

16 Желтоқсан: Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер!

       Сіздерді Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі- Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
     Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілейміз.
     Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілейміз. Ашық аспан аясында егемен еліміздің игілігі жолындағы ісіңізге мол табыс, жанұяңызға береке-бірлік, деніңізге саулық тілейміз.

Открытки открытки с днем независимости...