Құрметті оқырмандар!

Нұр-Сұлтан қаласы бұл күнде – еліміздің саяси орталығы ғана емес, ұлт мәдениеті мен әдебиетінің де жаңа дәуірге қанат қағып, рухани жаңғыру белесіндегі маңызды қадамдарының алтын ошағына айналды. Арқаның аңызға толы төсінде ақиқатқа айналған армандар салтанат құрып, ізгі мұратымыздың жұлдызы жарқыраған күнді жыл сайын дәстүрлі түрде үлкен тойға айналдырып келеміз. Елорда күніне арналған «Ұлы дала Елордасы» атты виртуалды кітап көрмесін назарларыңызға ұсынамыз.

КӨРІҢІЗДЕР! ТАНЫСЫҢЫЗДАР!

Жаңа кезеңдегі журналистиканың жай-күйі

    Бүгін 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Гуманитарлық - әлеуметтік ғылымдар факультетінің №1 оқу залында "Жаңа кезеңдегі журналистиканың жай-күйі" атты ой талқы ашық алаңында сұқбат өрбіді.
  "Филология және журналистика" кафедрасы Жас журналистер клубының ұйымдастыруымен өткен кездесуге мәдениет саласының майталманы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Асқарбек Сейілхан, химия кафедрасынан келген ғалым Саят Мамешова мен белгілі журналист, жазушы, "Университет тынысы" газетінің бас редакторы Ардақ Үсейінова, сондай-ақ кафедра меңгерушісі Күлзинат Мейрамбайқызы, аға оқытушы Балмира Мырзабай, оқытушы Ләззат Абдраимова, кафедра түлектері, Тараз-24 телеарнасының журналисі Гүлнар Тайжан, "Ақпарат және медиакоммуникация" орталығының журналисі Гүлжауһар Бажақай, облыстық "Арай" газетінің тілшісі Аяулым Жаманқара мен бірқатар студенттер қатысты. Ашық диалог форматында өткен іс-шараны аға оқытушы Бақытжан Маханұлы жүргізіп, қатысушыларды мерекемен құттықтап, қонақтарға сөз берді.

Оқуды жалғастыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқырмандар!

    М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне "Параграф" ақпараттық жүйесіне қолжетімділік берілді. https://online.zakon.kz/lawyer