ВЕБИНАР!

   Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

   Сіздерді "SketchUp для студентов: стройте профессиональную карьеру с лучшими инструментами для 3D моделирования" вебинарына шақырамыз!
  SketchUp-кез келген нәрсенің 3D үлгілерін жылдам жасауға арналған ең оңай құрал: ғимарат, интерьер, жиһаз, ландшафт, орау; идеяларды 3D форматында визуализациялау. Сонымен қатар 3D форматында концептуалды дизайн және модельдеу үшін әлемдегі кәсіби сәулетшілер мен дизайнерлер арасында ең танымал құрал.
   Вебинарда "Sketchup studio for Student" пакетіне қандай құралдар кіретінін, олардың функционалдық мүмкіндіктері мен әртүрлі кәсіптерде қолданылуы, SketchUp-тен қалай пайда табуға болатыны, құралдардың мүмкіндіктерін барынша пайдалану туралы мәлімет аласыздар.
   Күні: 5 желтоқсан 2023, 18: 00 (Алматы уақыты).
   Тіркелу сілтемесі:
   https://softprom.zoom.us/webinar/register/7216994330545/
WN_BBMgzgWnQqiczjpIu1RDxw#/registration

«БІР ЕЛ – БІР КІТАП - 2023» АКЦИЯСЫ

 «Парасат майданының жауынгері»

    «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында ерекше сұранысқа ие.
   2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ұсынылды.
  Осыған орай 30 қараша күні Дулати университетінің кітапханалық-ақпараттық орталығының  көркем әдебиет секторы, № 1 оқу залының қызметкерлері және Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің   студенттері «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ФГҒФ-нің № 1 оқу залында  қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларына арналған «Парасат майданының жауынгері» әдеби  кешін өткізді.

Оқуды жалғастыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

«БІР ЕЛ – БІР КІТАП - 2023» АКЦИЯСЫ
Құрметті оқырман қауым!

  Сіздерді 2023 жылдың ҚАРАША айының 30 жұлдызында, сағ. 11.00-де «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында  қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларына арналған  «Парасат майданының жауынгері» атты  әдеби кешіне қатысуға шақырамыз!
  Сонымен қатар  «Қарымды қаламгер – Төлен Әбдік» атты кітап көрмесін ұсынамыз.                                                                                                                              
    Өтетін орны: КАО, №1 оқу залы (1.2 ГӘҒФ кешені)
  Ұйымдастырушылар: Дулати универсиетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының  Көркем әдебиет секторы, № 1 оқу залы және «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің   студенттері.