16-желтоқсан- Тәуелсіздік нышаны

Құрметті оқырмандар!

   16-желтоқсан - Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні.
   Тәуелсіздік - ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.                                                                         
  Сіздерді 2023 жылдың желтоқсан айының 13 жұлдызында, сағ.12:00 кітапханалық ақпараттық орталық  ұйымдастырып отырған  «Тәуелсіз елім — тірегім!» атты іс-шараға шақырамыз!
   Іс-шараның мақсаты - еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың күрес жолын паш ету, студенттерге желтоқсан оқиғасына қатысқан жалынды жастарымыздың бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктерін үлгі етіп көрсету, Отанын қастерлеуге тәрбиелеу.
   Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық, №10 түнгі оқу залы, Студенттер үйі (Жатақхана №1, 2-қабат).                                
                                       КЕЛІҢІЗДЕР!  КӨРІҢІЗДЕР! БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!

Хабарландыру!

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы, 
жас ғалымдар және студенттер!

   Сіздерді, кітапханалық-ақпараттық орталықтың №8 және №2 оқу залдарының қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Ақпарат күндері» және «Кафедралар күндеріне» шақырамыз:
    - 2023 жылдың 11-15 желтоқсан аралығында, сағат 10.00-17.00 -«Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру» институтына;
   - 2023 жылдың 12-25 желтоқсан аралығында, сағат 10.00-17.00 «Технологиялық» факультетіне;
   - 2023 жылдың 12-18 желтоқсан аралығында, сағат 10.00-17.00 «Қазақ тілі мен әдебиеті »,  «Орыс тілі мен әдебиеті»  және  «Әлем тілдері» кафедраларына.
   Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отырып, кітапхана сайтының http://lib.dulaty.kz/ құрылымымен, «Онлайн қызмет көрсету», «Зерттеушілерге», «Оқырмандарға», оқырман ретінде тіркелу жолдары және  т.б. мүмкіндіктер туралы мағлұмат аласыздар.
   Сонымен қатар, РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, Университетская библиотека ONLINE, Scopus, Web of Science, Wiley Online Library, CAB Abstracts- отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
                                                           БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
   Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
                                №8 оқу залы (6.1 гидрокешен)
                                №2 оқу залы (2.1 технологиялық кешен)
                                №5 оқу залы (4.1 педагогикалық кешен)

Хабарландыру!

Құрметті оқырмандар!

   Сіздерді, 2023 жылдың 8 желтоқсан күні сағат 15.00-де өтетін  белгілі  драматург - жазушы, аудармашы, сыншы, қоғам  қайраткері Қалтай Мұхамеджановтың  95  жылдығына орай «Сөз зергері, сын мергені» атты дөңгелек үстелге  қатысуға шақырамыз!
                                       Келіңіздер! Көріңіздер!
Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,   №5 оқу залы (4.1 кампус, Төле би,68)