Хабарландыру!

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

  Сіздерді, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №5 оқу залының қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Ақпарат күндеріне» шақырамыз!
    - 2026 жылдың 02-06 ақпан аралығында, сағат 10.00-17.00 «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті»  және  «Әлем тілдері» кафедраларына.
   Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отырып, кітапхана сайтының https://lib.dulaty.kz құрылымы туралы мағлұмат аласыздар.
   Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, Университетская библиотека ONLINЕ, Web of Science, Wiley Online Library, CAB Abstracts-отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
                                                           БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
                                         Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
                                                             №5 оқу залы (4.1 педагогикалық кешен)

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті университеттің профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар және студенттер!

  2026 жылдың 1 ақпанынан бастап  30 сәуірге дейін  (2 ай) Сіздердің назарларыңызға  CNKI  (China National Knowledge Infrastructure) - Қытайдың  ұлттық білім инфрақұрылымы  атты 1996 жылы Циньхуа университетінде негізі қаланған, Қытайдағы ең ірі академиялық ақпараттық ресурсы ұсынылады.
   Академиялық журналдар дерекқоры
China Academic Journals Full-text Database (CAJ)
   Қытай және шетелдік мерзімді басылымдар бойынша интеграцияланған іздеуді жүзеге асырады.  Дерекқорда 1915 жылдан бастап 8670-тан астам қытай академиялық журналы бар, оның ішінде Пекин университетінің 1970-тен астам негізгі журналдары және онлайн режимде алғаш жарияланған 4510-нан астам журнал қамтылған. Жалпы көлемі 65 миллионнан астам толықмәтінді мақаланы құрайды.
  Шетел тілдеріндегі академиялық журналдар 80-ге жуық ел мен аймақтағы 900-ден астам баспадан шыққан 75000-нан астам журналды қамтиды. Олар JCR журналдарының 96%-ын және Scopus журналдарының 90%-ын қамтып, XIX ғасырдан бастап жарияланған 94 миллионнан астам шетел тіліндегі атауларды толық мәтіндермен байланыстыру мүмкіндігін ұсынады.
   Диссертациялар мен дипломдық жұмыстар дерекқоры
China Doctoral/Masters' Thesis Full-text Database (CDMD)
  Қытайдағы базалық білім беру саласы бойынша докторлық және магистрлік диссертациялардың толық мәтіндерін қамтитын дерекқор. Ол дереккөздердің толықтығымен, әдебиеттердің жоғары сапасымен және үздіксіз жаңартылуымен ерекшеленеді.
   Дерекқорда 1984 жылдан бастап 377 мекемеде қорғалған 668000-нан астам докторлық диссертация және 521 мекемеде қорғалған 6 миллион магистрлік диссертация жарияланған. Олар жаратылыстану ғылымдарын, инженерлік технологияларды, ауыл шаруашылығын, медицинаны, философияны, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарды және басқа да салаларды қамтиды.
    Қытай материгінің жетекші газеттері дерекқоры
    China Core Newspapers Full-text Database (CCND)
   China Core Newspapers (CCND, 中国重要报纸全文数据库) дерекқоры Қытай материгіндегі жетекші газеттердің мақалаларының толық мәтіндерін қамтиды және      2000 жылдан бері 7миллионнан астам мақаланы біріктіреді.    CCND ықпалы жоғары, репортаждары сапалы және кең аудиторияға арналған газеттерді іріктейді.
    Олардың қатарына орталық газеттер, салалық және кәсіби басылымдар, сондай-ақ негізгі үкіметтік газеттер кіреді - барлығы 650-ден астам атау.
    Конференция материалдарына арналған үздік дерекқорлар
    Conference Proceedings Full-text Database (CPCD)
    Қытай конференция материалдарының дерекқоры (CPCD-CPFD, 中国重要会议论文全文数据库) - Қытайдағы ұлттық конференциялар материалдарының ең толық толықмәтінді дерекқоры. 10500-ден астам академиялық қоғамдармен және қауымдастықтармен серіктестік арқылы CPCD-CPFD 20000-нан астам конференция жинақтарынан (кейбірі 1953 жылдан басталады) 2,8 миллионнан астам мақаланы қамтиды, бұл ұлттық конференция материалдарының 90%-дан астамын құрайды.

Оқуды жалғастыру

Хабарландыру!

Құрметті «Тарих»  кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы,
  жас ғалымдар мен студенттері!

    Сіздерді, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №1 (2.6) оқу залы, «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті кампусында 2026 жылдың 26-30 қаңтар аралығында, сағат 10.00-17.00 ұйымдастырып отырған «Ақпарат күніне» және «Кафедралар күндеріне» шақырамыз. Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отырып, кітапхана сайтының https://lib.dulaty.edu.kz құрылымы туралы мағлұмат аласыздар.
   Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, Университетская библиотека ONLINЕ, Web of Science, Wiley Online Library, CAB Abstracts-отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
                         КЕЛІҢІЗДЕР!  КӨРІҢІЗДЕР!  КҮТЕМІЗ!