2021-2026 жылдары
2021 жыл
Кітапханалық-ақпараттық орталық өз пайдаланушыларына арнап «Мобильді кітапхана» қызметін ұсынылды.
Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорынан қазақ тіліне аударылған кітаптардың QR код нұсқасы бойынша баннерлер ілінген. Жалпы алғанда бүгінге күнге 404 кітапқа QR-код қойылды.
Жаңа университет репозиториі «dspace» бағдарламасы негізінде «Дублиндік ядро» халықаралық метамәліметтер стандартына сәйкес жасалып, университет профессорлық-оқытушылар құрамының еңбектері, университетте қорғалған авторефераттары, «Тараз университеті» баспасы шығарған оқу құралдарының архиві осы «Университет репозиториіне» http://repository.tarsu.kz/xmlui жинақталады. Репозиториге қойылған құжаттарға арнайы таңба қойылып, PDF форматта енгізіледі.
Профессорлық-оқытушылар құрамының еңбектері - 20304 дананы құрайды, оның - 11823 данасы, яғни 58,2% қазақ тілінде. Университет репозиторийін дамытуда ПОҚ еңбектері цифрлық форматқа көшіріліп, 2519 аталымы ашық қолжетімділікте.
Университеттің ПОҚ мен жас ғалымдарына, студенттеріне «Мегапро» мүмкіндіктерін таныстыру, кітапхананың меншікті және иемденген қол жетімді лицензиялық цифрлық ресурстар мен ғылыми базаларды пайдалануды үйрету, баспалар мен агрегаторлар платформаларымен жұмыс жасау, онлайн қызметтерді пайдалану, ғылыми метрика мен библиометрика бойынша кеңес беру, семинарлар, тренингтер өткізілді. Авторлардың жарияланымдық белсенділігін қолдау мақсатында университеттің профессор-оқытушылар құрамына ORCID ID тіркеу және мақалаларды енгізу туралы семинар-тренингі өткізілді.. Scopus” базасына тіркелген ПОҚ мен жас ғалымдардың саны - 53.
2021 жылдың қыркүйек айының 06-08 аралығында кітапханалық-ақпараттық орталығында Elsevier Орталық Азия және Әзірбайжан командасының өкілі- MD, MPH, PhD кандидаты, тренер Рабиға Хожамқұл университетіміздің профессорлық-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдарына үш күндік семинарларын өткізді. 4 этаптан тұрған семинардың бірінші күні тартымды да қызықты өтті.
Университетіміздің 143 оқытушылары мен жас ғалымдары қатысып, өзекті тақырыптарды іздеу, авторларды ілгерілету, Хирш индексін арттыру және Scopus көмегімен жарияланымдар үшін лайықты журналды іздеу бойынша сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік алды.
Семинардың екінші күні «Scopus көмегімен журналды қалай таңдауға болады» тақырыбы бойынша «Ұстаз» институтының оқу залында жалғасын тапты. Семинарға Университетіміздің 107 профессорлық-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдары қатысты. Семинардың үшінші күні "Қалай танымал автор болу керек? Журнал клубының әдісі және Халықаралық ынтымақтастықты іздеу" тақырыбы бойынша Гидро кешені, №6 оқу залында өткізілді.
2021 жылғы 15 қазанда Clarivate Analytics компаниясының маманы Инеш Кенжина «Халықаралық журналдарда мақалалар жариялау. Үздік тәжірибелер мен ұсыныстар» тақырыбында онлайн форматта вебинар (ZOOM) жүргізді.
2021 жылдың 5 қарашасында «Цифрлық білім беру – әлемдік тренд» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды. «Эпиграф» баспасының өкілдері сөз сөйлеп, оқытушыларға интерфейс арқылы студенттердің жұмыс нәтижесін 5 минутта қадағалауға болатын электронды және мультимедиялық оқулықтардан тұратын, Қазақстан бойынша әдебиеттер жинағының арсеналын көрсетті.
2021 жылы кітапхана қорын, оның ішінде жаңа түскен әдебиеттерді жан-жақты насихаттау мақсатында білім беру бағыты бойынша жинақталған ақпараттық бюллетеньдер шығарылып, онлайн и оффлайн форматта 295 көпшілік және ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырды. Оның 130-і ақпараттық мазмұнда болса, 165-і көпшілік іс-шаралар. Жалпы осы іс-шараларға - 4839 оқырман қатысты
2021 жылдың 23 сәуірінде «23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне» орай «Цифрлық ортадағы университет кітапхаансы:ресурстар, технологияялар және қызметтер» атты UniLibWEEK_2021 іс-шарасы өтті. Бұл іс-шара баспалардың кітап-көрме жәрмеңкесі, оқырмандардың сыйға тартқан кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Аталмыш акция аясында «30 кітап - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді.
2021 жылдың 15 қазанында «УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАПХАНА КҮНІ» мерекесіне орай «#АшықтықКреативтікЖаңашылдық_2021» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шара аясында "АRT-Самғау-2021", "#ЧитатьМодно" библио Селфи сурет салу байқауы, "АРТ-вернисаж" ЖОО жас суретшілер туындыларының көрмесі, ақпарат саласының үздігі, Азамат Утенов - меценат «Enactus Kazakhstan» директорлар кеңесінің мүшесі, ақын, лауреат - Нұржан Қыдырәлімен «Мәңгілік ел мұрасы» әдеби жастар клубының мүшелерімен кездесу, жетекші кітап баспаларының жәрмеңке көрмесі ұйымдастырылды.
Халқымыздың дарынды ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай «От ауызды, орақ тілді, қайсар ақын» атты поэзия кеші өткізіліп, «Қыран қанатты ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2021 жылы 26 қараша күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде М.Ф. Үркүмбаевтың 82 жылдығына арналған «Үркімбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми-конференцияның ашылу рәсімінің аясында, кітапхана тарапынан «Ұстаз. Ғалым. Қайраткер» -атты кітап көрмесі мен фильм көрсетілімі ұйымдастырылды.
2021 жылдың 07 желтоқсанында «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында 2021 жылы таңдалып алынған ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап!» ұранымен танымал қазақстандық авторлардың драматургия саласындағы 30 үздік туындылардың бірі Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» пьесасынына сахналық қойылым ұйымдастырылды.
2021 оқу жылы «Оpen space» форматында қызмет көрсететін, жастардың шығармашылық белсенділігін ынталандыратын еркін қарым-қатынас жасайтын, қызмет көрсету технологиясы жаңғыртылған заманауи ашық кітапхана ұйымдастырылуда.
Кітапхана кеңістігінде "еркін" және "тыныш" зоналарға бөлінген, «жеке жұмыс аймағы», «топтық жұмыс пен тренингтерге арналған «Сreative zone», «Сoworking zone», «Ашық кітапхана» (Адал кітапхана), «101-оқу аймағы» (101-точка чтения), «102-интернет аймағы» (102 - зона интернета), «103-топтық жұмыс аймағы» (103 - group study room), «104-демалу аймағы» (104 - chillout room) аймақтар бар.
2.1-технологиялық кешенінде оқырмандардың заманауи сұраныстарын қанағаттандыру және жастарды көркем, мотивациялық, іскерлік әдебиеттерді оқуға тарту мақсатында жаңа «Сreative zone» ашылды.
Заманауи стильде жасалған 1.2 кешеніндегі №1 оқу залы 2020 жылдың қазан айынан 2021 жылдың ақпан айына дейін жөндеуден өтті. Кітапхананың негізі мақсаты ашық түрде жұмыс істеу, жаңа технологияларды тарту, оқырманға жағдай жасау. Модернизациялау барысында оқырмандардың қызығушылығын ояту үшін әр кітаптың орны мен үстелдердің түсіне дейін мән берілді, орындықтардан бөлек пуфиктер қойылды. Кітапхананы жаңарту жобасы аясында оқырмандардың кітап оқуына ыңғайлы, әрі бос аймақтың көбірек болуына мән берілген.
2022 жыл
Кітапханалық-ақпараттық орталықтың wеб-сайтының http://lib.tarsu.kz мекен-жайы (домен) http://lib.dulaty.kz болып өзгертілді. Веб-сайттың техникалық жаңғыртылуы мен редизайны жүзеге асырылды. Онлайн қызметтерінің функционалы кеңейтілді, мазмұны жаңартылды және сайт мәзірі толықтырылды:
- ЗЕРТТЕУШІЛЕРГЕ (Ғылыми метрикалық жүйелер, Web of Science журналы деңгейінің метрикасы, зерттеушілердің идентификаторы мен профильдері, кеңейтілген Google, халықаралық деректер қорларына қолжетімділік немесе интернет кеңістікте ғылыми ақпаратты қалай табуға болады, зерттеушілерге арналған ақпараттық ресурстар, пайдалы материалдар қойылды),
- ОҚЫРМАНДАРҒА (абонементтер, кеңістік, онлайн қызмет көрсету, бірінші курс студенттерінің жолсілтемесі, жұмыс кестесі жаңартылды),
- Электронды кітапхана ресурстарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтары (Университетская библиотека ONLINE, «Zan» деректер базасы, ScienceDirect) қойылды;
- «DU хабаршысы», «Механика және технологиялар» деректер базасы; «Cawaterinfo» порталы, «Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған электронды порталдар», «Педагогикалық ғылымдар» электронды кітапханасы, YouTube каналы сайтқа қосылды.
Кітапхананың Facebook-https://www.facebook.com/lib.DU, ВКонтакте - https://vk.com/lib_du, Instagram https://www.instagram.com/lib_du әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшасында жаңа оқырмандарды тарту жұмыстары жүргізіліп, кітапхана жаңалықтарын тұрақты жариялау, іс-шаралар туралы ақпараттандыру, кітапхана қорына түскен жаңа басылымдарды насихаттау бойынша және т.б. ақпараттар қойылды.
2021-2022 жылдары кітапхананың «Онлайн қызмет көрсетуге» қашықтықтан жүгінгендер саны - 3149. Оның «Онлайн кітапхана» қызметіне – 2441 пайдаланушы, «ӘОЖ/УДК» қызметіне (мақалалар мен ғылыми еңбектерге әмбебап ондық жіктеу индексін беру) - 1805, оның 1097-і дәстүрлі, 708-і онлайн түрде.
Кітапхана қорын цифрландыру бағытында (сұранысы көп және енді басылып шықпайтын сирек кездесетін кітаптарды цифрлық форматқа көшіру) оқу процесіне пайдалануға қажетті оқулықтар цифрлық форматқа көшірілді.
Кітапхана сайтында "Виртуалды кітап сөресі" іске қосылған. Виртуалды кітап сөресі - бұл кітап суреттері бар бет және QR кодымен бірге жүреді. QR кодын сканермен жабдықталған кез-келген девайс (құрылғыны сканерлеу) арқылы өз смартфонында әдебиеттерді оқи алады.
2022 жылы 228 көпшілік және ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның 87-і ақпараттық мазмұнда болса (4461қат.), 141-і көпшілік іс-шаралар (6670қат.) ұйымдастырылды. Жалпы осы іс-шараларға – 11131 оқырман қатысты.
2022 жылы барлығы 90 (кітапханалық-библиографиялық сабақ-9, кафедра күндері - 26, ақпарат күні-27, факультет декадасы - 6, семинар-тренинг- 10 экскурсия 1 курс - 4) ақпараттық іс-шара ұйымдастырылды.
2022 жылы кітапхананың «Онлайн қызмет көрсетуге» қашықтықтан жүгінгендер саны - 2448. Оның «Онлайн кітапхана» қызметіне – 987 пайдаланушы, «ӘОЖ/УДК» қызметіне (мақалалар мен ғылыми еңбектерге әмбебап ондық жіктеу индексін беру) - 1545, оның 1100-і дәстүрлі, 645-і онлайн түрде болды.
2022 жылдың 23 сәуірде «23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне» орай кітапты насихаттау, оқырмандардың интеллектуалды-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «#Әлемді өзгерткің келсе – өзіңнен баста» атты ашық микрофон өтті.
«25 қазан - Қазақстан Республика күні» және «22 қазан - Кітапханашылар күніне» орай «#АшықтықКреативтікЖаңашылдық_2022» тақырыбында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен 2022 ж. 11-22 қазан аралығында «УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАПХАНА ДЕКАДАСЫ» ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға университет әкімшілігі мен университет студенттері, жас ғалымдар мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
2022 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында оқуға ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары ұсынылды. Қазақ елі үшін Ахмет Байтұрсынұлы ерекше тұлға, ол мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы «Ахмет Байтұрсынұлы – Алаштың рухани көсемі» атты әдеби кеш, «Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының ұлы көсемі» атты дәстүрлі және виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырды.
25 қыркүйек 2022 жылы Жүректен маржан іздеген" атты Ш.Мұртазаның 90 жылдығына орай әдеби алаң өткізілді.
28 қазан 2022 жылы №8 оқу залында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Тіл туының тұғыры » атты поэтикалық марафон өткізілді.
Кітапханалық-ақпараттық орталықтың wеб-сайтының http://lib.tarsu.kz мекен-жайы (домен) http://lib.dulaty.kz болып өзгертілді. Веб-сайттың техникалық жаңғыртылуы мен редизайны жүзеге асырылды. Онлайн қызметтерінің функционалы кеңейтілді, мазмұны жаңартылды және сайт мәзірі толықтырылды.
2022 жылдың 18 қазанында «#АшықтықКреативтікЖаңашылдық_2022» атты кітапхана күніне орай өткізілген мерекелік іс-шарада кітапханалық-ақпараттық орталық директоры Г.Есіркепова Дулати төс белгімен, «Ең білікті маман-2022» номинациясы бойынша біліктілігі жоғары деңгейдегі кітапханашы М.Ердулдаева, «Зейнеткер -2022» номинация бойынша Н.Омарова, К.Тлепова алғыс хатпен марапатталды.
2023 жыл
2023 оқу жылында кітапханалық - ақпараттық орталық пайдаланушыларға ақпараттық қызмет жұмысын оңтайландыру мақсатында «МегаПро» АИКЖінен «ИРБИС 64+» кітапханаларды автоматтандыру жүйесіне (КАЖ) көшуді шешті. ИРБИС 64+ КАЖ домендік атауы http://e-lib.dulaty.kz/ болды.
Ақпараттық-кітапханалық технологияларды кешенді автоматтандыру, басқару ақпараттық ресурстар және оларға қол жеткізуді ұйымдастыруға арналған «МегаПро» автоматтандырылған интеграцияланған кітапхана жүйесімен (АИКЖ) жұмыс жүргізілді.
2023 жылы университет тарапынан кітапханаға бөлінген 20 жаңа модификацияланған компьютерлер оқу залдарына бөлінді.
«IRBIS 64+» кітапхананы автоматтандыру жүйесіне IPRSmart ЭКЖ – 53583 эл.ресурс және 12 000 журнал интеграция жасалынды.
2023 жылы барлық қызмет көрсету пунктерінде кітапханаға жазылу ИРБИС 64+ кітапханалық-ақпараттық жүйесінде (КАЖ) қамтамасыз етілді. Жалпы тіркелген оқырман саны – 14 799.
2023 жылдан бастап оқырмандарға электронды қызмет көрсетуге толық көшу мақсатында және КАО-тың кітап қорына электронды тексеру жүргізу үшін бүкіл кітапхана қорына штрих-кодтау жүмысы басталды. Бүгінгі күнге технологиялық кешенде орналасқан №2 оқу залының кітап қорының - 452 000 данасына штрих-код қойылды.
Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамына университет аралық «Ғылым мен жоғары білімді кітапханалық-ақпараттық қолдау» бағытында 18 біліктілікті арттыру курстары, тренингтер өткізілді, 400 аса кеңестер берілді. Қатысқандар: 306 (оффлайн -276, онлайн -30).
Курс қатысушылары Хирш индексін, журналдардың процентилін анықтау және авторлардың бейіндерін түзету, «Scopus», «Web of Science» деректер базасын пайдаланудың жолдарымен танысты.
2023 жылы барлығы 132 (кітапханалық-библиографиялық сабақ - 17 кафедра күндері - 40, ақпарат күні-56, семинар-тренинг- 8, экскурсия 1 курс - 10) ақпараттық іс-шара ұйымдастырылып, 6760 адам қатысты.
2023 жылы кітапхананың «Онлайн қызмет көрсетуге» қашықтықтан жүгінгендер саны - 2907. Оның «Онлайн кітапхана» қызметі бойынша – 201, «ӘОЖ/УДК» қызметіне (мақалалар мен ғылыми еңбектерге әмбебап ондық жіктеу индексін беру) –1649, оның 651- і дәстүрлі, 981-і онлайн түрде болды.
2023 жылында пайдаланушыларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудің бизнес-процестері (ПОҚ, студенттер, магистранттар және докторанттар) дәстүрлі және "бұлтты" нұсқаларда «ИРБИС64+» веб-жүйесі бойынша кез келген модульмен жұмыс веб-интерфейс арқылы жүзеге асырылды және жергілікті желідегі кез келген компьютерде немесе Интернеттен қашықтан орындалуына мүмкіндік берілді.
Кітапханалық-ақпараттық орталығының виртуалды өкілдігі – http://e-lib.dulaty.kz/ заманауи интерфейске ие және пайдаланушыларға қажетті қызметтер жиынтығын ұсынады: "Онлайн қызмет көрсету», «Виртуалды анықтамалық қызмет», «Құжаттарды электрондық жеткізу», «ӘОЖ, КБЖ Электрондық беру онлайн-қызметтерді көрсету.
2023 оқу жылы 136 көпшілік және ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырды. Оның 90-і ақпараттық мазмұнда болса (6259қат.), 46-і көпшілік іс-шаралар (8589қат.) ұйымдастырылды. Жалпы осы іс-шараларға – 14848 оқырман қатысты.
11 қазан 2023 жылы «Face to Face» форматында Дулати университетінің 6В04114-Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасының 3-4 курс студенттерімен ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдерімен кездесу өткізлді.
2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ұсынылды.
20 сәуірде Кітапханалық-ақпараттық орталығында халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты Шыңғыс Айтматовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жер шарының азаматы» атты әдеби-сазды кеші өткізілді.
Жыл сайын 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай, Дулати университетінің кітапханалық-ақпараттық орталығында мәдени шаралар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Биылғы кітап мерекесі «UniLibWeek_2023» атты апталық аясында өтті.
2023 жылы қызметкерлердің біліктілікті жетілдіру көрсеткіші бойынша:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрмет грамотасы – (1), ҚР кітапханалар қауымдастығының алғыс хаты – (1), ҚР кітапханалар қауымдастығының сертификаты - (6), Жамбыл облысының әкімінің Құрмет грамота – (1), «Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құрмет грамотасы – (1), Дулати университетінің құрмет грамотасы – (3), Дулати университетінің Алғыс хаты – (3), Дулати университетінің сертификаты - (16), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Г.Қанайдың алғыс хаты – (1), Біліктілікті жетілдіру куәлігі (Москва қ.) – (1), John Wiley & Sons баспаларының сертификаты – (90), ТОО «EDP Hub» (Идипи хаб) сертификаты (18), «IPR SMART» cертификаты – (6), Пульс науки сертификаты (1).
Кітапханалық-ақпараттық орталық директор орынбасары Н.Рыбалкина Дулати университетіне сіңірген еңбегі үшін, Дулати атындағы төсбелгімен марапатталды.
Өзінің іскерлігімен белсенділігін ұштастыра білген, басшылықтың және әріптестердің арасында жоғары баға алған Ж.Талқанбаева мен А.Пірманова «Кітапхана мамандығына адалдығы үшін - 2023» атағына ие болды.
2023 жылдың 24 қазанында «25-қазан Республика күніне» орай мерекелік іс-шарада «Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін Г.Иржанова мен Б.Маткулова ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2023 оқу жылы кітапханалық-ақпараттық орталықта штаттық кесте бойынша - 51 қызметкер, қазіргі күнге жұмыс істейтін мамандар саны – 45 Кітапхана қызметкерлерінің орта жасы – 48 жас.
2023 жылында жоспарланған гидро кешеніндегі «Кітап қорын сақтау және толықтыру» бөліміне жөндеу жұмыстары өткізілді. Оқу залдарындағы кітап қорлары оңтайландырып, ашық кітапхана құру бағытында, заманауи талаптарға сай кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, жылу коммуникациялары реттелді.
2024 жыл
2024 жылының қыркүйек айынан бастап, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті екі тәуелсіз жоғары оқу орнына: М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті» (бұдан әрі – ТарУ) коммерциялы емес акционерлік қоғамы және «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚазСШжИУ) болып бөлінді.
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің кітапханасына (ҚазҰСШжИУ) – 325 482 дана кітапханалық қор бөлінді. Сонымен қатар, мерзімді басылымдар қоры – 63 комплект, Докторлық, кандидаттық, PhD -151 ПОҚ- ғылыми еңбектері, КАО-ық электрондық кітапхана қорының - 12271 электронды ресурсы кітапханасына берілді.
ҚазҰСШжИУ-не 2047 студент және 117 профессорлық-оқытушылар құрамы оқу орнын ауыстырды.
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің кіттапханасына берілді: -Компьютерлер саны – 36; -Принтерлер саны - 4; -Проектор - 1, -Экран - 1, -Ламинатор -1; А4 – 1 Сканері; Штрих-кодты оқуға арналған қол сканері - 1.
Авторлардың жариялау белсенділігі бойынша дәйексөздер базасымен жұмыс істеу бойынша оқытушылар, магистранттар мен докторанттарға «Ғылым мен жоғары білімді кітапханалық-ақпараттық қолдау» бағытында 14 біліктілікті арттыру оқу тренингтер, вебинарлар өткізілді. Қатысқандар саны: 175 адам. Хирш индексін анықтау, авторлық профильді түзету бойынша 125 кеңестер беріліп, 105 ақпаратты іріктеп тарату қызметі (ИРИ) орындалды.
2024 жылы барлығы 140 ақпараттық іс-шара ұйымдастырылып, 7113 адам қатысты.
2024 жылы ӘОЖ/УДК қызметі – 1512 құрады. Оның ішінде: 1000-ы - дәстүрлі түрде, 512-сі онлайн түрде.
2024 жылы 224 көпшілік және ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырды. Оның 132-і ақпараттық мазмұнда болса (6760қат.), 92-і көпшілік іс-шаралар (5944қат.) ұйымдастырылды. Жалпы осы іс-шараларға – 12704 оқырман қатысты.
2024 жылы кітапханалық-ақпараттық орталық қызметкерлері Дулати төсбелгісі – (1), ҚР кітапханалар қауымдастығының Құрмет грамотасы – (1), «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы – (1), «Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы – (4), М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті Басқарма мүшесі-Ректорының Құрмет гармотасы – (5) иеленді.
2024 жылы КАО қызметкерлері 123 сертификат алды: М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің сертификаты – (24), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің біліктілікті жетілдіру сертификаты (Алматы қ.) – (3), «AUEZOV UNIVERSITY» сертификаты – (1), John Wiley & Sons баспасының сертификаты – (53), ТОО «EDP Hub» (Идипи хаб) сертификаты (9), «IPR SMART» cертификаты – (23), Scopus сертификаты – (4), ELSEVIER сертификаты – (6), EBSCO Information Services сертификаты – (3).
2024 жылдың 03 наурызына 31 мамырына дейін университетте ұйымдастырылған «Стратегическое управление университетом. Операционный менеджмент в образовании» атты 72 сағаттық біліктілікті жетілдіру курсына КАО директоры Г.Иржанова, директор орынбасары Н.Рыбалкина және барлық бөлім басшылары: Б.Маткулова, А.Касымова, Г.Карашолахова қатысып сертификат алды.
2025 жыл
Оқырманның кітапханалық ресурстарды тиімді пайдалануы үшін және барлық сервистік мүмкіндіктермен тікелей жұмыс істеу мақсатында университеттің «Платонус» порталымен «ИРБИС-64+» кітапханалық автоматтандыру жүйесі жіксіз интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілді. «Оқырман» модуліне -12750 оқырман енгізілді.
2025 жылдың желтоқсан айында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №2 оқу залына (технологиялық кешен) RFID-технологиясы сатып алынып, іске қосылды.
RFID-технологиясын (Radio Frequency Identification — радиожиіліктік сәйкестендіру) пайдалану, ол кітапханалық қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығын айтарлықтай арттырады.
Бүгінгі күнге дейін ашық қолжетімді қордағы 30 717 дана кітаптарды автоматтандырылған түрде беру және қабылдау үшін RFID сәйкестендіру белгілері орнатылды. Оқу залы қорындағы барлық кітаптарға сәйкестендіру белгілерін орнату жыл сайынғы жоспарға енгізіліп, тиісті ішкі жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
Бұл технология бірқатар артықшылықтарға ие және дәстүрлі оқу құндылықтарын заманауи цифрлық мүмкіндіктермен үйлестіруге мүмкіндік береді.
Жүйе түгендеуді жылдам жүргізуге, жоғалған немесе дұрыс орналастырылмаған басылымдарды табуға, сондай-ақ әрбір кітаптың қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.
Бұл есеп жүргізу кезінде жоғалтулар мен қателіктердің тәуекелін айтарлықтай төмендетеді. Жүйе қауіпсіздік деңгейін де арттырады. Ұрлыққа қарсы функциялар кітаптарды рұқсатсыз алып шығудың алдын алады, оқырмандарға ешқандай қолайсыздық тудырмайды.
Бүгінгі таңда меншікті электрондық кітапхана қоры - 24899 ресурсты құрайды, оның - 6186 аталымы мемлекеттік тілде болса, 17767-ы орыс тілінде, 946 аталымы ағылшын тілінде. Барлық электронды ресурстар http://e-lib.dulaty.edu.kz/ сілтемесі арқылы қолжетімді.
Кітапхана пайдаланушылары үшін лицензияланған 10 отандық және шетелдік электронды кітапхана жүйелері мен деректер қоры (РМЭБ,«Параграф» АҚЖ, «IPRSmart» ЭКЖ, «E-Uni.KZ»,ЭК КББУ «PROFобразование», «Университетская библиотека online» ЭКЖ, Cab Abstracts, Scopus, Web of Science, Wiley online library) қолжетімді болды.
Сонымен қатар, кітапхана қорларын бірлесіп пайдалану үшін озық кітапханалармен ғылыми ұйымдардың коллекциялары мен электрондық ресурстарын өзара пайдалану туралы келісімдер жасалды: «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ кітапханасы,«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ кітапханасы,«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ кітапханасы,"Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапхана" Республикалық мемлекеттік мекемесі,«Ұлы Петрдің Санкт-Петербург политехникалық университеті» федералды мемлекеттік автономды жоғары оқу орны,«Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті» Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орнының Тараз қаласындағы филиалы,«Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕАҚ кітапханасы.
2025 жылдың 27 қаңтар – 07 ақпан аралығында Алматы қаласында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Заманауи кітапхана: трансформация, инновациялар және бейімделулер» тақырыбында ұйымдастырылған біліктілікті жетілдіру курсына А.Касымова, Г.Карашолахова, Қ.Сейділдаева қатысып, сертификат алды.
2025 жылы 17-21 тамыз аралығында өткен кітапхана ісі саласындағы ең ірі іс-шара әлемнің 130-дан астам елінен 4000-ға жуық делегатты біріктірген IFLA Дүниежүзілік конгресіне біліктілігін арттыру мақсатта 4 қызметкер қатысты: Иржанова Г.Ж., Кабазова Н.С.,Бакбердиева Г.А., Ращупкин В.қатысты.
Назарбаев Университеті Кітапханасы Қазақстан Республикасының университет кітапханалары қауымдастығымен бірлесе отырып, кітапхана қызметкерлері мен ақпараттық ғылым мамандарына арналған 2025 жылдың желтоқсан айында «Стратег рөліндегі кітапханашының көшбасшылық әлеуетін дамыту» тақырыбында Еуразиялық академиялық кітапханалар тренингін ұйымдастырды.
Аталған тренингке Дулати университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының мамандары Ж. Сәулебаева мен Г. Дәуренбаева қатысты.
Аталған тренингке Дулати университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының мамандары Ж. Сәулебаева мен Г. Дәуренбаева қатысты.
Авторлардың жариялау белсенділігі бойынша дәйексөздер базасымен жұмыс істеу бойынша оқытушылар, магистранттар мен докторанттарға 14 оқу тренингтер, вебинарлар өткізілді. Хирш индексін анықтау, авторлық профильді түзету бойынша 100-ден астам кеңестер беріліп, көмек көрсетілді.
КАО қызметкерлері профессорлық-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлерге (33 адам) «Қазіргі заманғы білім беру және ғылыми қызметтегі электрондық ресурстар және ғылымиметрикалық құралдар» атты (24 сағат) біліктілігін арттыру курсын өткізді.
Ғылым және білім беру үдерістерін қолдау мақсатында факультет кафедраларымен кітапхана арасындағы байланысты нығайту, БББ бойынша кітапханалық қор және электронды ресурстармен таныстыру, және кітапханаға түскен жаңа әдебиеттерді таныстыру, электронды кітапханалар ресурстарын пайдалану тәсілдерін насихаттау мақсатында бүгінгі күнге 256 ақпараттық және көпшілік іс-шаралар оның 132-і ақпараттық мазмұнда (6760 қатысушы), (кітапханалық-библиографиялық сабақ-20, кафедра күндері - 56, ақпарат күні-40, факультет декадасы - 6, 1 курс студенттеріне экскурсия–10 болса, 124-і көпшілік іс-шаралар (6944 қатысушы) абонементтер мен оқу залдарында 51 кітап көрмесі, ҚР мерейтойлық және атаулы күндеріне арналған 11 виртуалды көрме ұйымдастырылды ұйымдастырылды.
«24 қазан – Кітапханашылар күніне» орай өткізілетін М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің кітапханалық-ақпараттық орталығы ұйымдастырып отырған «#АшықтықКреативтікЖаңашылдық_2025» атты УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАПХАНА КҮНІ өтті
Қазақтың ұлы ақыны, жауынгер, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, «Мен – қазақпын» поэмасының авторы Жұбан Молдағалиевтің туғанына биыл 105 жыл толып отыр. Осыған орай, 2025 жылдың 11 қараша күні №6 оқу залының (5-2 кешен) қызметкерлері мен «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің 2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Жалын, жарқыл шашқан – Жұбан ақын...» атты әдеби кеш өткізілді.
2025 жылдың 15 қарашасы күні М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының 4.1 педагогикалық кешеніндегі №5 оқу залында Студенттер күніне арналған тәрбиелік және зияткерлікмағынасы бар «Студенттік шақ – жарқын шақ!» атты іс-шара өтті.
Шара патриоттық тәрбие сағаты мен «Заң – білімді жастардың таңдауы» интеллектуалды ойынын біріктіре отырып ұйымдастырылды.
Шара патриоттық тәрбие сағаты мен «Заң – білімді жастардың таңдауы» интеллектуалды ойынын біріктіре отырып ұйымдастырылды.
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік - таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
2025 жылы 15 желтоқсанда Кітапханалық-ақпараттық орталық пен «Журналистика және филология», «Ақпараттық жүйелер» білім бағдарламасы студенттерінің ұйымдастыруымен оқу залында «Желтоқсан желі» атты желтоқсан құрбандарын еске алу кеші өтті.
2025 жылы 15 желтоқсанда Кітапханалық-ақпараттық орталық пен «Журналистика және филология», «Ақпараттық жүйелер» білім бағдарламасы студенттерінің ұйымдастыруымен оқу залында «Желтоқсан желі» атты желтоқсан құрбандарын еске алу кеші өтті.
2025 жылы кітапханалық-ақпараттық орталықта штаттық кестесі - 38 қызметкер: (оның - 5-і бала бағу демалысында, жұмыс істейтін мамандар саны – 33).
2026 жыл
«Бір ел – бір кітап-2026» республикалық акциясы – еліміздің рухани мұрасын насихаттауға, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды мәдени жоба.
Акция аясында жыл сайын қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары таңдалып, көпшілікке кеңінен ұсынылады.
Осы акция аясында халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романы жыл кітабы болып таңдалды.
Осы акция аясында халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романы жыл кітабы болып таңдалды.
2026 жылы EBSCO компаниясының Academic Search Premier және eBook Academic Collection деректер базаларына қолжетімділік берілді.
Academic Search Premier - мультидисциплинарлық толықмәтінді журналдар, анықтамалықтар мен кітаптар, конференция жинақтары және басқа да жарияланымдар қоры.
Ғылыми база басылымдары жаратылыстану, гуманитарлық, әлеуметтік, техникалық және медициналық ғылымдар саласындағы 1900-ден астам пәндік бағытты қамтиды.
EBSCO eBook Academic Collection - академиялық тақырыптардың кең ауқымын қамтитын пәнаралық электрондық кітаптардың үлкен жинағын ұсынады.
Academic Search Premier - мультидисциплинарлық толықмәтінді журналдар, анықтамалықтар мен кітаптар, конференция жинақтары және басқа да жарияланымдар қоры.
Ғылыми база басылымдары жаратылыстану, гуманитарлық, әлеуметтік, техникалық және медициналық ғылымдар саласындағы 1900-ден астам пәндік бағытты қамтиды.
EBSCO eBook Academic Collection - академиялық тақырыптардың кең ауқымын қамтитын пәнаралық электрондық кітаптардың үлкен жинағын ұсынады.
2026 жылы университетімізге ғылым, технология, медицина және білім беру салаларындағы ең ірі ресейлік ақпараттық-талдамалық портал - eLIBRARY.RU- ғылыми электрондық кітапханасына қолжетімділік берілді.
Аталған кітапханада 38 миллионнан астам ғылыми-техникалық жарияланымдар мен патенттердің аннотациялары мен толық мәтіндері қамтылған, соның ішінде 5600-ден астам ресейлік ғылыми-техникалық журналдардың электрондық нұсқалары бар. Олардың 4800-ден астамы ашық әрі тегін қолжетімді.
Мұнда университеттің профиліне сәйкес ғылыми журналдармен таныса аласыздар: техникалық ғылымдар, ақпараттық технологиялар, химия және тамақ өнеркәсібі және т.б. (33 аталым).
Аталған кітапханада 38 миллионнан астам ғылыми-техникалық жарияланымдар мен патенттердің аннотациялары мен толық мәтіндері қамтылған, соның ішінде 5600-ден астам ресейлік ғылыми-техникалық журналдардың электрондық нұсқалары бар. Олардың 4800-ден астамы ашық әрі тегін қолжетімді.
Мұнда университеттің профиліне сәйкес ғылыми журналдармен таныса аласыздар: техникалық ғылымдар, ақпараттық технологиялар, химия және тамақ өнеркәсібі және т.б. (33 аталым).
2026 жылдың 1 ақпанынан бастап 30 сәуірге дейін (2 ай) оқырман назарларыңызға CNKI (China National Knowledge Infrastructure) - Қытайдың ұлттық білім инфрақұрылымы атты 1996 жылы Циньхуа университетінде негізі қаланған, Қытайдағы ең ірі академиялық ақпараттық ресурсы ұсынылады.