2011-2020 жылдары
2011 жыл
Ғылыми кітапхана Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты Департаменті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстандық мемлекеттік университеті ұйымдастырған «Үздік кітапхана - 2011» конкурсына қатысып, жоғарғы оқу орындарының кітапханалары арасынан IV орынға ие болды.
ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай «Кітапханалардың біртұтас ақпараттық кеңістігіндегі бірлескен өзара әрекеттесуі» тақырыбындағы аймақтық оқу орындарының кітапхана мамандарына ғылыми-тәжірибелік семинары өткізілді.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кітапханасымен келісім-шарт жасалып, бірлескен мақалалардың электронды жиынтық каталогын жүргізу жұмыстары ұйымдастырылды.
Бесінші рет өткізіліп отырған «Бір ел – бір кітап» акциясына жалпы оқуға қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы таңдалып алынуына байланысты оқырман конференциясы өткізілді.
«КАБИС» бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін жетік игеру мақсатында «Электронды каталогтың пәндік айдарының» жұмыс нұсқауы (орыс тілінде) әзірленді.
Гидро кешенінде орналасқан «Ғылым орталығында» көркем әдебиет секторы, шетел әдебиеттер, ғылыми және электронды жаңа оқу залдары ашылды.
№2 білімгерлер үйінде - Интернет желісіне қосылған 4 компьютермен қамтамасыз етілген- №11 түнгі оқу залы ашылды.
Кітапханалық-ақпараттық орталығы өз оқырмандарының ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру, қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында мемлекеттің білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттары мен университеттің 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы жасалынды.
Оқырмандарға заманауи ақпараттық технологиялар көмегі арқылы автоматтандырылған қызмет көрсету мақсатында «Деректер қорын үйлестіру» секторы құрылды.
2012 жыл
«КАБИС» бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін жетік игеру мақсатында «КАБИС- оқырман картотекасы» модулі бойынша оқырмандардың базасы құрыла бастады.
Ғылыми кітапхана «Ғылыми-техникалық ақпаратты ұлттық орталық» АҚ келісім-шарт жасалып, Springerlink, The Web of Knowledge (Thomson Reuters), Elsevier интерактивті дереккөздерін пайдалануға мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар «Қазақстан патенттері. Өнертабыстар. Библиография» - ақпараттық іздеу жүйесінің толық мәтінді дереккөзіне мүмкіндік алды. Кітапхана сайтында аталған деректер көзінің баннерлері қойылды.
Республикамызда 6-шы рет өтікізілген «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы-драматург, Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повесі бойынша оқырман конференциясы өтті.
Кітапхана күніне орай Үйлестіруші-әдістемелік орталығы аймақтық оқу орындарының кітапхана мамандарына «Кітапханашының кәсіби құзыреттілік мектебі» атты семинар-жаттықтыру сабағын өткізді.
«КАБИС» бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін жетік игеру мақсатында «КАБИС» бағдарламасы бойынша жұмыс нұсқауы (орыс тілінде) әзірленді.
Кітапхана директоры Г.Ж.Иржанова ҚР ЖОО кітапханаларының қауымдастығының төрайымы болып тағайындалды.
«М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны «ҚР ЖОО кітапханаларының қауымдастығына» мүше ретінде енуге келісім жасалынды.
2011-2012 жылдарында Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 94 кітап көрмесін ұйымдастырып, 26 библиографиялық шолу, 2 әдеби-әуенді кеш, 1 кездесу, 1 оқырман конференциясы, 7 әңгіме, 1 талдау өткізді.
2013 жыл
2013 жылы гидрокешеніндегі оқу залының көлемі 50 орынға ұлғайды, кітап қорын ашық пайдалану мүмкіндігі бар мерзімді басылымдарға арналған оқу залы ұйымдастырылды.
Кітапхана көлемін үнемдеу мақсатында заманауи жылжымалы мобильдік сөрелер алынды.
Электрондық кітапхананың толық мәтінді деректер қорына мүмкіндік беретін 1500-ге жуық оқулық және ғылыми әдебиеттер электронды тасымалдағышта жинақталған замануи талабына сай инновациялық технологияларды оқу үрдісіне қолдануға негізделген – 20 компьютер, 50 орындықты, мультимедиялық жиҺаздармен жасақталған №7 «Электронды оқу залы» толықтырылып ашылды.
«КАБИС» бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін жетік игеру және электронды тасымалдағыштағы оқулық, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілуі мақсатында университет ішінде «Кабис» бағдарламасында толық мәтінді электронды оқулықтары бар «Электронды ресурстар» деп аталатын электронды каталог құрылды.
4-наурызда, Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен профессорлық-оқытушы құрамына, патент иеленушілерге, жас ғалымдарға арналған «Зияткерлік меншік: авторлық құқық және патенттік ақпарат» атты семинар өтті.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының (ТАРМПИ) Ғылыми кітапханасы мен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің (ТИГУ) Ақпараттық-кітапханалық орталығымен келісімшарт жасалып, бірлескен мақалалардың электронды жиынтық каталогын жүргізу жұмыстары ұйымдастырылды, бұл On-line режимде библиографиялық мақалаларды ай сайын экспорттау, импорттау үрдісі.
Университеттің гидрокешенінде орналасқан №3 абонемент пен №5 оқу залында күрделі жөндеу және оларды қайта құру жұмыстары өтіп, жаңа үлгідегі кітапханалық жиһаздармен жабдықталды.
«Ғылымдар үйінен» көркем әдебиет секторы, электронды, ғылыми, сирек әдебиеттер оқу залдары 6.1 оқу ғимаратына көшірілді.
Университеттің құрылымын оңтайландыру, оқытушы-профессорлар құрамының потенциалын тиімді пайдалану мақсатында, сонымен қатар «М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 2011-2020 ж.ж. арналған даму стратегиясын» іске асырудың оперативтік жоспарын орындау мақсатында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ректорының 2013 жылдың 24 тамызындағы №286 бұйрығына сәйкес М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Үйлестіруші-әдістемелік орталығы Кітапханалық-ақпараттық орталық болып өзгерді, құжаттары жаңартылды.
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты «Поэзия падишасы» - Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр жинағын оқуға байланысты көптеген іс-шаралармен қатар ақынның жырларын жатқа оқудан байқау ұйымдастырылды.
17-19 қыркүйек күндері Тараз қаласында «Кітапханалар астанасы - 2013» аясында «Жаңа қоғам кітапханаларындағы инновациялар» тақырыбында республикалық конференция өтті. Конференцияға кітапхана ісіндегі тәжірибелерімен бөлісу мақсатында республикамыздың барлық ведомстволық кітапханалары мен Ресей, Польша, Түркия, Белоруссия, Литвадан келген шетелдік қонақтар қатысты. Аталған ауқымды іс-шара М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің М.Үркімбаев атындағы «Жастар сарайында» өтті, оған Қазақстанның 160-тан аса ұлттық, облыстық, жоғары оқу орны кітапханаларының өкілдері қатысты.
14 қазанда М.Х.Дулати атындағы ТарМУ гидрокешенінде орналасқан Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №5 оқу залында Қазақстандағы кітапханашылар мерекесіне орай, жыл сайынғы дәстүр бойынша «Университет кітапханасының жаңа форматы: бүгіні мен ертеңі» тақырыбында КІТАПХАНА КҮНІ өткізілді.
2012 -2013 жылдарында Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 116 кітап көрмесін ұйымдастырып, 40 библиографиялық шолу, 2 оқырман конференциясы, 7 әңгіме өткізді.
2014 жыл
Электрондық кітапхана ресурстарын кеңейту және профессорлық-оқытушылар құрамының (ПОҚ) еңбектерін насихаттау бағытында Жаңа ақпараттық технологиялар орталығымен Университет репозиториін құру жұмысы басталды (160 аталымды құрайды).
Ғылыми кітапхана атауының «Кітапханалық-ақпараттық орталыққа» ауысуына байланысты СМЖ талаптарына сай өзінің ішкі құжаттарымен қатар, кітапхана үрдістеріне қатысты формалары жаңартылды.
Университет профессорларлық-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен магистранттардың ғылыми ізденуін ақпаратпен қамсыздандыру мақсатында ақпараттық-библиографиялық қызмет секторында және гидрокешеніндегі кітапханада арнайы ғылыми басылымдар жинақталған оқу залдары ұйымдастырылды.
Кітапханалық-ақпараттық орталығының қызмет көрсету сапасын арттыру, ақпараттық ресурстарды толықтыру мақсатында университет және РЖООАЭК, ҚР ҰАК-ның ҚазҰЭК, Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталықтары өз ара келісім-шарт жасалды.
Электронды жеткізу қызметі (служба ЭДД) арқылы тапсырыс беруге мүмкіндік берілді.
14 ақпанда Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Тараз қаласы ЖОО және колледж кітапханалары мамандарына арналған «Жаңа форматтағы кітапхана жұмысы: проблемалары мен шешу жолдары»тақырыбында кәсіби мамандардың сұхбат алаңы өтті.
Сәуірде Бүкіл дүниежүзілік кітап және авторлық құқық» күніне арналған «Авторлық кітаптың апталығы» акциясы өткізілді.
«2014 жыл маманы» деп аталатын ұлттық сертификаты - Кітапханалық-ақпараттық орталық директоры, ЖОО кітапханалары қауымдастығының төрайымы Иржанова Гүлжан Жеңісбекқызына тапсырылды.
23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Прага қаласында EURASS-те ҚР ЖОО кітапханаларының басшылары мен қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру бағдарламасы бойынша «Халықаралық кітапханатану: чех кітапханалық тәжірибесі. Оқырмандық және ақпараттық сауаттылық» атты өткен оқытуға М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Кітапханалық-ақпараттық орталық директоры Г.Иржанова қатысты.
15 қазанда М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Кітапханалық-ақпараттық орталығы Қазақстандағы кітапханашылар мерекесіне орай «Университет кітапханасын пайдаланушылардың ақпараттық мәдениеттілігі» тақырыбында «УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАПХАНА КҮНІН» өткізіп, аталған іс-шараға Жамбыл облысы жоғарғы және арнаулы орта оқу орны кітапханаларының мамандары, университет ректоры, кафедра ақпаратшылары мен студенттер қатысты.
КАО-тың, республикалық және халықаралық деректер қорын дұрыс пайдалану мақсатында профессорлық-оқытушылар құрамына, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің жауапты тұлғаларына арналған «Пайдаланушылардың ақпараттық мәдениеттілігі» тақырыбында кітапхана қызметкерлерімен 20 сағаттық курс ұйымдастырылды.
Пайдаланушыларға жаңалықтар мен ақпараттарды әлеуметтік желілер арқылы (Twitter, Facebook және т.б.) тарату мүмкіндіктері жасалды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында 2014 жыл кітабы болып халық жазушысы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның...» атты шығармалары таңдалып алуына орай, кітапханалық-ақпараттық орталық қызметкерлерімен «Жусан иісті дара талант» атты әдеби кеш, «Ұлтты ұлықтаған жазушы» библиографиялық шолу, «Халық сүйген қаламгер», «Жусан иісті дара талант» кітап көрмелері, виртуалды кітап көрмесі, «Басында Үшқараның...» атты әдеби-әңгімелер ұйымдастырылды.
Қазақстандағы ЭРАЗМУЗ+ Бағдарламасының Ұлттық кеңесі, Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бірігіп ұйымдастыруымен өткен «Болон үдерісі негізгі өлшемдерінің Қазақстан жоғары оқу орындарына бейімделуі» атты семинарға Кітапханалық-ақпараттық орталық директоры Гүлжан Жеңісбекқызы Иржанова қатысып сертификатқа иеленді.
26 маусым Springer (Шпрингер) компаниясының толықмәтінді электронды ресурстар қорын пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
2013 - 2014 жылдарында Кітапханалық-ақпараттық орталық өз оқырмандарына 90 кітап көрмесін ұйымдастырып, 1 әдеби-әуенді кеш, 3 диспут, 1 дөңгелек стол, 1 байқау, 35 библиографиялық шолу, 1 оқырман конференциясы, 9 әңгіме өткізді.
2015 жыл
22-23 қаңтарында Алматы қ. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде (ҚазЭУ) «Үздіксіз экономикалық білім беру: оқытуды және әдістемелік қамтамасыз етуді модернизациялау» Х Республикалық оқу-әдістемелік конференциясы аясында «Ақпараттық және кітапханалық ресурстар – ЖОО білім беру қызметін қаматамасыз етудің негізі ретінде» тақырыбында өткен семинарға КАО-тың АБҚС жетекшісі Е.Помольцева қатысып, «Повышение эффективности построения и развития электронных библиотек новыми возможностями» баяндама жасады.
18-19 наурызында Астана қ. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Университет кітапханаларын дамытудың жаңа бағыттары: әлемдік тәжірибелер, мәселелер мен жетістіктер-2015» атты IV-ші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында кітапхана директоры Г.Иржанованың «Приоритеты развития и проблемы вузовской библиотеки Казахстана» тақырыптағы баяндамасы тыңдалды.
14 сәуірде «Білімді ел - Образованная страна» республикалық білім беру қоғамдық-саяси газетінің №7 санында Гүлжан Иржанованың «Кітап – асыл қазынаны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген ой кемесі» атты сыр-сұхбаты жарияланды.
«А2ВЦ» сериялы ПланСкан ЭЛАР сканері алынынып 2155 басылым сандық жүйеге көшірілді.
15 қазанда Қазақстандағы кітапханашылар мерекесіне орай «ЖОО кітапханасы ғылыми және ақпараттық коммуникациялар жүйесінде» тақырыбында «УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАПХАНА КҮНІ» іс-шарасы өтті.
«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясын Ұйымдастыру комитетінің шешімімен жыл кітабы ретінде яғни танымал жазушы, драматург, ақын, сценарист Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалынып кітап сүйер оқырмандарға ұсынылды.
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай Кітапханалық ақпараттық орталықта «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы - Қазақ хандығы» атты ауқымды тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. (Әдебиеттер: 180 аталым, электронды оқулықтар-150 аталым,1935 дана; мерзімді басылымдар мақалалар тізімі - 299 аталым ұсынылды)
2015-2016 оқу жылында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың меншікті және иемденген деректер қорына Электрондық каталог -16586, ҚазҰЭК – 3290, РЖООАЭК – 5254, Thomson Reuters -807, Springerlink – 1463, Полпред - 52 пайдаланушылар жүктелді.
2015-2016 оқу жылында. кітап қорын толықтыру мемлекеттік сатып алу арқылы, «Тараз университеті» баспасы арқылы, арнайы мемлекеттік бағдарламалар бойынша (ҚР ЖОО Қауымдастығы, Жамбыл облыстық әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы) және кітап авторларымен келісім-шартқа отыру арқылы жүргізілді.
2015-2016 оқу жылына арналған біліктілікті жетілдіру жоспарына» сәйкес кітапханалық-ақпараттық орталықтың қызметкерлері ішкі, аймақтық, республикалық, сонымен қатар сырттан шақырылған лицензиялары бар халықаралық жаттықтырушылармен ұйымдастырылған барлығы 17 іс-шаралар мен 8 онлайн форматта өткен халықаралық семинар-тренингтерге қатысып, 2 куәлікке және 71 сертификатқа ие болды.
2015 жылында Кітапханалық-ақпараттық орталық өз оқырмандарына 81 кітап, 4 виртуалды кітап көрмелерін ұйымдастырып, 51 библиографиялық шолу, 2 оқырман конференциясы, 9 әңгіме, 1 әдеби әуенді кеш, 1 әдеби әңгіме өткізді.
2016 жыл
ТарМУ ректорының 2016 ж. 31-мамырдағы Ғылыми кеңесінің шешімімен профессорлық-оқытушылар құрамының университеттен тыс шығарылған ғылыми-әдістемелік еңбектерін кітапхана қорына өткізу міндеттелді, осыған орай кітапхана қорына ПОҚ еңбектері өткізіле басталды. Бүгінгі күнге 72 аталым 282 дана өткізілді
Т. Рыскулов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «Участие библиотеки в формировании информационной и медийной грамотности»-атты республикалық семинарға қатысып, Кітапханалық-ақпараттық орталық директоры Гүлжан Жеңісбекқызы Иржанова және сектор жетекшісі Маткулова Балхия қатысып сертификатқа иеленді.
5 қазан «Кітап мерекесі» Қазақстандағы кітапханашылар мерекесіне орай «Жас ұрпақты кітап оқуға баулудағы жаңа технологиялар» тақырыбында «УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАПХАНА КҮНІ» өткізілді.
5 қазан Қазақстандағы кітапханашылар мерекесіне орай «ЖОО кітапханасы ғылыми және ақпараттық коммуникациялар жүйесінде» атты семинар өтті. Семинар барысында ТарМУ-да дүниежүзілік «БУККРОССИНГ» қозғалысының ашылуы құрметіне кітапхана мамандарымен арнайы әзірлеген «буккроссинг аймағында» буккроссинг тарихы, мақсаты, жалпы оқу туралы, дүниежүзілік қозғалысқа қосылу туралы «Өзің оқы да басқаға бер!» атты ұранмен әдебиеттік флешмоб ұйымдастырылды.
28-қараша «Жастар сарайы» кіші залда «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай зарзаман ақындарының арасындағы жарық жұлдызы – Дулат Бабатайұлының «Еспенбет», «Шаштараз» поэмаларын кеңінен насихаттау мақсатында, «Елдік пен еркіндік жаршысы-Дулат ақын» атты байқау өткізілді.
13 қазан Университетке IPRbooks электронды-кітапханалық жүйесіне толық мәтінді пайдалану мүмкіндігі берілді.
Сәуір айында Кітапханалық-ақпараттық орталық директоры Гүлжан Жеңісбекқызы Білім мен ғылымда үздік жетістіктері және университеттің дамуына қосқан орасан зор үлестері үшін «Мухаммед Хайдар Дулати – Үздік табыстары үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Сәуір айының 18-19 жұлдызында Назарбаев университентінің кітапхана Технологиялары мектебінде жоғары оқу орындарының кітапханалар Ассоциациясының қолдауымен «Университеттегі ғылыми зерттеу жұмыстарында кітапхананың рөлі» атты семинар болып, 15 қызметкер сертификат алды.
2016-2017 оқу жылына «Кітапханалық-ақпараттық орталықтың қызметкерлері арналған біліктілікті жоғарылату жоспарына» сәйкес ішкі, аймақтық және республика көлемінде ұйымдастырылған 9 іс-шаралар мен қатар онлайн форматта өткен семинар-тренингтерге қатысып, 40 сертификат иеленді.
2015-2016 жылдарында Кітапханалық-ақпараттық орталық 100 көрмесін ұйымдастырып, 30 библиографиялық шолу, 3 оқырман конференциясы, 13 әңгіме, 4 әдеби кеш, 3 портреттік кеш, 1 пікір-сайыс, 1 талдау, 1 дөңгелек стол, 1 тарихи-танымдық ойын, 3 кездесу кешін өткізді.
2017 жыл
2017 жылдан бастап Платонус бағдарламасының «Электронды журнал» модулін енгізгендіктен мұғалімдер силлабустарды http://teacher.tarsu.kz/ базасына енгізетін болды.
2017 жылдың 22 сәуір күні Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай кітапты насихаттау, қызығушылықпен оқыту, оқырмандардың интеллектуалды-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Кітапты қызығушылықпен оқиық!» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.
Маусым айында кітапхана қорына келіп түскен жалпы әдебиеттер (оның ішінде мерзімді басылымдарды қосқанда) 5740 дана болса, ол қордың 0,4% құрады.
Үш тілді білім беру негізінде таңдалған 13 мамандық пәні бойынша оқулықтармен толықтырылды.
Заманауи талаптарға сай оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында университет басшылығының қолдауымен «Экономика және бизнес» факультетінің 2.6 оқу кешенінде, 10000-ға жуық дана кітап қоры мен 12 аталым мамандандырылған мерзімді басылымдары бар, толығымен жаңа кітапханалық жиһаздармен жабдықталған №3 оқу залы ашылды.
16 қазанда Қазақстандағы кітапханашылар мерекесіне орай «Цифрлы ортадағы кітапхана және пайдаланушы» тақырыбында «УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАПХАНА КҮНІ» өтті.
27 наурызында «Электронды кітапхананы пайдалану және қалыптастыру» мақсатында Жоғарғы оқу орындары кітапханаларының корпоративті қарым-қатыстар туралы келісім шартқа отырды.
12 мамырында Білім және ғылымда үздік жетістіктері және университеттің дамуына қосқан зор үлесі үшін Бадырова Зейнаш Тоқтамысқызы «Мұхаммед Хайдар Дулати – Үздік табыстары үшін» белгісімен және сыйақымен марапатталды.
Қытай, Тайюань қаласында өткен CDPDL 2017 «Сандық кітапханалар мен сандық басылымдарды енгізу және оларды дамыту» атты халықаралық конференциясына Кітапханалық-ақпараттық орталықтың директоры Г.Ж. Иржанова қатысып қайтты.
«Бір ел - бір кітап» - 2017 Республикалық акциясы аясында жалпы халықтық оқуға «Жыл кітабын» таңдау бойынша Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығарламалары таңдалған. Осыған орай жыл бойы кітап көрмелері, портреттік кеш, әдеби кеш және С.Торайғыров өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
12 желтоқсанда «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында және Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына орай студенттер арасында «АЛАШ ТУЫ АСТЫНДА» атты көрнекті қазақ демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін жатқа айтудан байқауы өтті.
2016-2017 жылдарында Кітапханалық-ақпараттық орталық 60 кітап көрмесі, 2 библиографиялық шолу, 1 оқырман конференциясы, 2 көрме диолог, 1 құрмет көрме, 2 портреттік кеш, 2 рубрика (айдар), 2 баяндама слайд. 1 байқау өткізді.
2018 жыл
«А2ВЦ» сериялы ПланСкан ЭЛАР сканері арқасында сирек кездесетін кітаптар қорын, сонымен қатар аз мөлшерде алынған сұраныстағы 4131 кітаптарды сандық жүйеге көшіріп, электронды ресурстар каталогына енгізіп, оларға сілтеме берілді. Бүгінгі күнге кітап сандық жүйеге көшірілді.
Кітапханалық жұмыстардың одан әрі дамуына арналған мүмкіндігі мол, заманауи талаптарға сай келетін Ресейлік «Data Экспресс» компаниясы ұсынып отырған «МегаПро» атты автоматтандырылған біріктірілген кітапханалық жүйесіне ауысу жоспарлануда.
Оқырмандарға сапалы қызмет көрсету үшін 2018 оқу жылында Кітапханалық - ақпараттық орталық ұжымы 2 жоба бойынша жұмыс бастады.
Бірінші жоба: «Жамбыл-Тараз 24/7» ашық электронды кітапхана атты жаңа жобасын жүзеге асыруды қолға алды. Жобаның мақсаты білімнің ашықтығы және қолжетімділігі идеясына негізделген, яғни тәулігіне 24 сағат бойы, аптаның 7 күні пайдаланушыларға тегін қызмет көрсету мен ресурстарды ұсыну дегенді білдіреді.
Екінші жоба: «Open Knowledge - Central Asia Library Network" (OK-CALNet) "Открытое Знание - библиотечная сеть Центральной Азии" (OK-CALNet)» атты ERASMUS+бағдарламасына ұсынылған, Орта Азия мен Қазақстан (Central Asia: Kazakhstan, Kyrgyzstan, Tajikistan, Turkmenistan, Uzbekistan), Еуропа мемлекеттерінен Germany, Great Britain, Italy - 7 мемлекеттен 16 университет кітапханаларының қатысуымен жобаланған.
Жаңа технологияларды қолдана отыра, кітапхана қорына түскен әдебиеттер мен электронды ресурстар, кітапхананың иемденген ақпараттық ресурстары (ТарМУ электронды кітапханасы, электронды каталогтар дерекқоры), отандық (РЖООАЭК, ҚазҰЭК, «Қазақстан патенттері, ikitap.kz, әдебиет порталы) және әлемдік толықмәтінді электронды ресурстармен (Clarivate Analytics http://webofknowledge.com, Springerlink, Scopus, Polpred, IPRBooks, EBSCO Discovery Service, СNKI) толықтырылып, солар арқылы қызмет көрсетілді.
Сонымен қатар аталған оқу жылында КАО Web-сайтына - 36983 пайдаланушы, Электронды каталогқа - 30012 пайдаланушы, ҚазҰЭК-на (КазНЭБ) –3200 пайдаланушы, РЖООАЭК-на (РМЭБ) – 3979 пайдаланушы, Clarivate Analytics деректер қорына – 5223 пайдаланушы, Springerlink деректер қорына – 43, IPRBooks деректер қорына – 251 пайдаланушы, әлеуметтік желілер – 378 пайдаланушы, жалпы электронды ресурстарға 80069 пайдаланушылар жүгінді.
Профессорлық-оқытушылар құрамының 3900 еңбегін қамтитын Университет репозиторийі 2018 жылы 261 данамен толықтырылды.
2019 жыл
«Кабис» бағдарламасында толық мәтінді электронды оқулықтары бар «Электронды ресурстар» деп аталатын электронды каталог құрылды.
Оның ішінде электронды оқулықтар, ПОҚ еңбектері, силлабустар, Жамбыл облысының статистикалары толық мәтінде жинақталып, барлығына сілтеме берілді. Университет қабырғасы ішінен барлығын кез келген уақытта көшіріп алуға жағдай жасалған, ал университеттен тыс жерлерде көшірілмейді. Қазіргі кезде 27569 электронды ресуртардың толық мәтіні кіргізілген. Электронды оқулықтар орыс тілінде - 17234, қазақ тілінде, - 3098, шет тілінде – 1252, ПОҚ еңбектері – 1524, силлабустар – 2505, Жамбыл облысының статистикасы - 373 аталымнан енгізілген, авторефераттар – 993, сирек кездесетін кітаптар – 590.
«КАБИС» бағдарламасына «Диссертациялар» деп аталатын каталогына, 2018-2019 оқу жылында бітірген магистрантардың 224 диссертациясы енгізілді.
Оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылды:
2019 жылдың қаңтар айына берілген мәлімет сәйкес - Қазақстан бойынша университет репозиторийлері арасында ТарМУ 28-ші орынды иеленсе, әлемдік рейтингте 12168 орында тұр.
Жаңа университет репозиториі «dispace» бағдарламасы негізінде «Дублиндік ядро» халықаралық метамәліметтер стандартына сәйкес жасалып, 325 - университет профессорлық-оқытушылар құрамының еңбектері, университетте қорғалған авторефераттары, «Тараз университеті» баспасы шығарған оқу құралдарының архиві осы «Университет репозиториіне» жинақталып, ашық пайдалануға мына мекенжайына қойылды: http://repository.tarsu.kz/xmlui.
2019 ж. РМЭБ электронды кітапханасына 781 (143 қазақ тілінде, 621 орыс тілінде, 17 шет тілінде) электронды оқулық жіберілді. Бүгінгі күнге дейін 2940-электронды оқулық, 4171 – мақала экспортталды, 25078 - мақала импортталды.
2019 ж. кітапхана сайты http://lib.tarsu.kz жаңа үлгіде заманауй талаптарды ескере отырып жасалды. Сонымен қатар, көзі нашар көретін пайдаланушыларға арналған желісі жасақталды.
Facebook, ВКонтакте, Twitter, Instagram әлеуметтік желілерінде ақпарат қойылып отырды.
2019 ж. кітапханалық-ақпараттық орталық өз пайдаланушыларына «Мобильді кітапхана» қызметін ұсынды.
2020 жыл
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап, кітапхана ресейлік «МЕГАПРО»-автоматтандырылған интеграцияланған кітапханалық жүйесіне көшті.
«МЕГАПРО»- жүйесінің кітапхана үрдісіне қажетті 8 модулінің қазіргі таңда 6 модулімен жұмыс жүргізіп отыр. Олар: «Әкімшілік/ Администрирование», «Электронды кітапхана/ Электронная библиотека», «Каталогтау/ Каталогизация», «Толықтыру/ Комплектование», «Жазылу/ Подписка», «Тіркеу/Регистрация».
2020 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында «КАБИС» жүйесіндегі барлық библиографиялық жазбалар «МегаПРО» жүйесіне конвертацияланды, дублеттік жазбалардан тазартылып, біріктірілді. Жаңа серверге «МегаПРО» жүйесі және оған қосымша бағдарламалар орнатылды.
2020 жылдың 02.04.-25.05. кезеңнен бастап Қазақстан Республикасында коронавирус эпидемиясы COVID-19-ға байланысты Жамбыл облысына карантин режимі енгізілгендіктен, Коронавирус пандемиясы кезінде КАО қашықтан жұмыс түрлеріне көшті: Университет кітапханасының сайтында оқырмандарға онлайн-қызмет көрсету үшін келесі қызметтер «Онлайн қызмет көрсету», «Бір терезе» қағидаты ретінде 24/7 форматында қолжетімді болды. Пайдаланушылардың сұраныстары онлайн чат және электрондық пошта арқылы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. жүзеге асырылып, қашықтықтан қанағаттандырылды.
Кітапханалық-ақпараттық орталық жоспарға алынған 155 көпшілік іс-шараның 130 іс-шарасын толық орындай алды.
Оқу жылында кітапхана сайтына http://lib.tarsu.kz. және әлеуметтік желілерге (Facebook, ВКонтакте, Twitter, Instagram) 79 ақпарат салынып, 8 банер қосылып, 2 банер жаңартылды.
2020 жылы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» банері 9 аталым кітаптармен толықтырылып, QR-код қойылып, қайта басып шығарылды. Абайдың 175 жылдық мерей тойына орай - «Абай шығармалары мен аудармалары»- банері жасалып, мобильді қосымшаларына QR-код қойылды.
Кітапхана «Абай - дана, Абай – дара қазақта!» атты университет көлемінде ауқымды әдеби-танымдық бағдарламаны ұйымдастырды.
«А2ВЦ» сериялы ПланСкан ЭЛАР сканері арқылы 6030 аталым кітап сканерден өткізіліп, сандық жүйеге көшіріліп, электронды ресурстар каталогына енгізіліп, оларға сілтеме берілді.
2020 жылдың 13-27 қаңтар аралығында университетте ұйымдастырылған кітапхана қызметкерлері 36 сағаттық «Латын негізі қазақ тілі әліпбиі: сауаттылық негіздері», 72 сағаттық «Intensive English Practice Course Elementary», 24 сағаттық «Кітапханалық-ақпараттық библиографиялық қызметінде инновациялық технологияларды пайдалану»,
72 сағаттық «Web Дизайн және компьютерлік графика CORELDRAW-дан білім беру» атты біліктілікті жетілдіру курстарына қатысты.
2020 жылдың қыркүйек айында Кітапханалық-ақпараттық орталығының Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінде орналасқан Көркем әдебиет секторының әдебиеттерін жарнамалау мақсатында жарнамалық бейнеролик түсірді.
Бейнероликтің көрсетілімі: 1. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Instagram әлеуметтік желісіндегі tarmu_official ресми парақшасында; 2. https://www.facebook.com/tarsu.library/videos/890333358458561/: 3. https://www.instagram.com/p/CHpXrp8BecV/ Қаралым саны -1557.
2020 жылдың қазан айында Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторы ақын, жауынгер, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, Қазақстанның халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Жұбанның жыры – ғасырлар үні» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қойылған басылымдардың саны-1
Белгілі ақын, жауынгер, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, Қазақстанның халық жазушысы Жұбан Молдағалиев – қазақ поэзиясының, бүкіл қазақ әдебиетінің ірі өкілі. Жұбан Молдағалиевтің поэзия төрінен өзіне лайық орын алу кезеңі әріден, соғыстан кейінгі ұлы дүбір дәуірінен, елімізді қайта қалпына келтіру заманынан басталады. Жұбан Молдағалиев қазақ өлеңімен бірге, бүкіл көп ұлтты кеңес поэзиясын ілгері дамытқан айтулы ақын, көркем сөз шеберіне айналды.
Кітапханалық-ақпараттық орталығының lib.tarsu.kzсайтында «Ұлтын жырлаған ұлы ақын» атты виртуалды кітап көрмесі https://ru.calameo.com/read/0062430987b40ad615b91 ұсынылған. https://www.zkolib.kz/jubankaz/zhuban/portal.html - осы ресурста қазақтың ұлы ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәліметтер жиналған.