2001-2010 жылдары
2001 жыл
13 желтоқсанда 20 орындық интернет желісіне қосылған электронды оқу залы ашылып, оқырмандардың электронды тасымалдағыштағы кітап қорын пайдалануына және жедел ақпарат алуына мүмкіндік берілді. Электронды оқу залында пайдаланушыларды ақпарат жүйесімен мүмкіндігінше қамтамасыз ету түрлерінің барлық жолдары қолға алынған.
Технологиялық кешендегі жатақханадан 30 орындық түнгі оқу залы ашылды.
5 қараша күні «Қазіргі кезеңдегі кітапханалардың дамуы: жаңа технологиялар мен оның жаңа түрлері» атты облыстық кітапханашылар семинары өткізілді.
Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 138 кітап көрмесін ұйымдастырып, 55 библиографиялық шолу, 5 әдеби-әуенді кеш, 1 конкурс, 9 кездесу, 8 оқырман конференциясы мен 4 ауызша журнал өткізілді.
2002 жыл
Ғылыми кітапхана ұжымы «Әйел басқаратын ең үздік ұжым» атты республикалық конкурстың жеңімпазы болды.
Наурыз айыныан бастап «Сезім» жастар отауы ғылыми кітапхана директоры Фарида Мұқсынқызының бастауымен М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-і ғылыми кітапханасының қабырғасында, жас студент қыздарға әлеуметтік жаңа бейне қалыптастыру, елге танымал белсенді, іскер аруларымызбен кездестіру, сұхбаттастыру мақсатында «Сезім» қыздар отауы ұйымдастырылды.
Жамбыл облысында бірінші болып «Ақпараттық ресурстар - Ғылыми кітапхана қорын толықтырудың тиімді көзі» атты жоба жасалынып, халықаралық «Еуразия қорынан» 29 813$ кітапхана грант жеңіп алды. Ол қаражатқа жаңа компьютерлер, сканер, сервер, принтерлер алынып, 1 жылға тегін Интернет желісі қосылды.
Онымен қоса кітапхана қоры құқық және экономика саласы бойынша 3000-ға жуық оқулықтармен толықтырылды. Осы жылы Ғылыми кітапхананың жеке www.lib.tarsu.kz веб-сайты ашылып, оқырмандарға тегін Интернет берілді.
2003 жылы «Кітапхана 4.02» бағдарламасы «Кітапхана 5.0» болжамымен жаңартылды. Оның ерекшелігі, электронды каталогтың деректер қорына Интернет желісі арқылы мүмкіндік беруі.
«Кітапхана 5.0» серверлік бағдарламасына ауысып, жаңа сервер орнатылды.
«2002-Бастамалары» атты облыстық кітапханашылар семинар-тренингі өткізілді.
Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 84 кітап көрмесін ұйымдастырып, 7 библиографиялық шолу, 5 әдеби-әуенді кеш, 3 ток-шоу, 2 пікір-талас, 9 оқырман конференциясы мен 20 әңгіме өткізілді.
2003 жыл
ҚР Білім және ғылым Министрінің 2000 жылдың 27 наурызында бекіткен «Қазақстан Республикасы білім жүйесінің кітапханаларының бірыңғай үйлестіруші, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық орталығы туралы» №429 бұйрығына сай М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапханасы Жамбыл облысының оқу жүйесіндегі кітапханаларға үйлестіруші, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық орталық болып табылады.
20 наурызында Ғылыми кітапхананың ақпараттандыру қызметін жетілдіру бағытында кітапхана үрдістерін автоматтандыру бөлімі және ғылыми-ақпараттық бөлім базасынан «Библиография және электронды ресурстар орталығы» (БЭРО) құрылды. БЭРО-ның құрамына мына секторлар мен оқу залдары кіреді: Ақпараттық қызмет секторы;Библиографиялық қызмет секторы;Мәліметтер қорын үйлестіру секторы;Электронды оқу залы;Шетел әдебиеті оқу залы
Қараша айында технологиялық кешендегі каталогтар залында оқырмандар үшін электронды каталогтың деректер қорына мүмкіндік беру мақсатында сервер арқылы жұмыс істейтін 5 компьютер қойылып, оған кітапхананың барлық деректер қорынан мәліметтер алуға мүмкіндік берілді.
Кітапхананың «Ғылыми-әдістемелік бөлімі «Кәсіптік білім беру» секторынан тұратын «Кітапханаларды жетілдіру бөлімі» деп өзгертіліп, жалпы 3 адам қызмет көрсетті.
Ғылыми кітапхана директоры Ф.М.Мырзаханова АҚШ Мемлекеттік Департаментінің білім және мәдениет бағдарламасы Бюросы ұйымдастырған үш апталық «Кітапханалар менеджменті» бағдарламасы бойынша Америка Құрама Штатындағы көпшілік және университет кітапханалары, ақпарат орталықтарының қызметімен танысты.
«Кітапханалық-ақпараттық қызметтің жағдайы және жетілдіру жолдары» атты облыстық кітапханашылар семинары өткізілді.
«Сезім» жастар отауында өткізілген «Әйел әлемі»- атты әдеби- әуенді кешке облыс әкімі жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия хатшысы «Сезім» отауының құрметті мүшесі- Д. Ахметова, журналист С.Юсупова, «Өркен» балалар қорының төрайымы- Ә. Айтбаева, ғалым-ұстаздар Ә. Қ. Мұстафина, Р. С.Амандосова, С. М. Исматова, Г. Я.Омарова, М.Құсайыновалар қатысып, «Сезім» отауына жылы лебіздерін білдірді.
Тараз қаласына қонаққа келген ақын апамыз Ф Оңғарсынова мен өткен “Болаттай берік, гүлдей нәзік- Қазақтың Фаризасы” атты кештің жастарға тәрбиелік маңызы өте зор болды.
Осы жылы Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 139 кітап көрмесін ұйымдастырып, 59 библиографиялық шолу, 4 әдеби-әуенді кеш, 1 байқау, 1 айтыс, 1 дөңгелек стол, 1 форум, 7 пікір-талас және 39 әңгіме өткізілген.
2004 жыл
Университеттің Индиана университетімен (Блумингтон) ұзақ мерзімді жобасы негізінде Ғылыми кітапхана Сабре қорынан ағылшын тілінде 7671 дана, бағасы 363 664$ тұратын әдебиеттер мен электронды тасымалдағыш /CD-ROM, W/CD/ құжаттар, Сорос қоры қаржылайтын Гете институтынан неміс тілінде оқу-әдістемелік әдебиеттер алынды.
Осы әдебиеттерді оқырман пайдалану үшін 15 сәуірде 20 орындық шетел әдебиеттер оқу залы ашылды.
Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 117 кітап көрмесін ұйымдастырып, 79 библиографиялық шолу, 1 әдеби-әуенді кеш, 3 оқырман конференциясы, 37 әңгіме,1 кітапханашылар форумын өткізді.
15-16 сәуір күндері «Жаңа уақыт-жаңа мүмкіндіктер: жоғары оқу орындары кітапханаларындағы ғылыми және социологиялық зерттеулердің оқырмандарға қызмет көрсетудегі көмегі» тақырыбында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде кітапхана қызметкерлерінің республикалық семинары болып өтті. Бұл форум еліміздегі 55 мемлекеттік жоғары оқу орындары кітапханалары директорлары мен бас мамандарының басын қосты.
АҚШ елшілігінің өкілдері ТарМУ кітапханасын тұтас бір кітапханалық қормен – 8 мың дана оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттермен толықтырылуына көмек көрсеткен болатын. Осы тұста өткізілген ағылшын тіліндегі кітаптар бөлімнің ашылу рәсіміне америкалық меймандар – АҚШ елшілігі мен Spinqer, Ebsco баспаларының өкілдері Захарии Томас, Дагмар Лагинг, Сабине Tайхерт арнайы қатысты.
Республикалық семинарды өткізу орны ретінде ТарМУ кітапханасы базасының таңдалуы Ғылыми кітапхана тарихына енген үлкен тарихи сәт және де үлкен мәртебе. Халықаралық кітап күні қарсаңында өткен республикалық семинар – облыстық мәдени өміріндегі айрықша елеулі оқиға қатарына жатады.
Кітапхана директоры Ф.М. Мырзаханова Судак қаласында өткен ХІ Халықаралық «Крым-2004» конференциясына қатысып, онда «Жоғары оқу орындары кітапханаларында ақпараттық ресурстардың пайдалануы және оның даму болашағы» тақырыбында баяндама жасады.
«Кітапханалар және қазіргі заман ақпараттарына мүмкіндік» атты облыстық кітапханашылар семинары өткізілді.
«Жастар сарайы» 2 наурыз күні белгілі Ш. Мамасерікова мен айтыс ақыны А.Тұрсынбаеваның қатысуымен «Әйел ақын» атты әдеби-әуенді кеш өткізілді 1сәуірінен бастап М.Х.Дулати атындағы ТарМУ құрамынан Тараз мемлекеттік педагогикалық институттың бөлініп шығуына байланысты кітапхана құрылымындағы №2 абонемент, 2 кафедралық кітапхана, №1,4,11 оқу залдары, №2 көркем әдебиет бөлімдері кітап қорымен ТарМПИ-ның кітапханасына берілді.
Кітапхана қызметкерлерінің штаттық бірлігі-51 болды.
2005 жыл
Университеттің Халықаралық ИСО 9000-2001 сапа менеджментінің жүйесіне (СМЖ) көшуіне байланысты қаңтар айынан бастап Ғылыми кітапхананың барлық құжаттары, атап айтқанда, Ғылыми кітапхананың Қағидасы, пайдалану ережесі, бөлімдердің құжаттары осы жүйеге сай қайта өңделіп бекітілді, жұмыс нұсқаулары мен үрдіс схемалары жасалып бекітілді.
2005 жылдың қыркүйек айында гидро кешенінің кітапханасындағы каталогтар залында оқырмандар үшін электронды каталогтың деректер қорына мүмкіндік беру мақсатында сервер арқылы жұмыс істейтін 5 компьютер қойылып, оған кітапхананың барлық деректер қорынан мәліметтер алуға мүмкіндік берілді.
«Әлем тілдері факультетіне» қарасты оқу залынан «Мерзімді басылымдар» залы ашылды.
15-19 маусым аралығында Ақтау қаласында өткен 2004 ж. 13 қаңтардағы №177 Жарлығымен бекітілген 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Ұлттық мұраны оқырмандарға насихаттаудың тәрбиелік мәні» атты жоғары оқу орындарының кітапхана қызметкерлерінің Республикалық семинарға «Ежелгі және бүгінгі Тараз» атты мультимедиалық альбомы шығарылды.
Облыс кітапханашылары үшін «Кітапханадағы кітап қорының ақпараттық қамтамасыз етілуі» тақырыбындағы семинар ұйымдастырыды
Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 42 кітап көрмесін ұйымдастырып, 37 библиографиялық шолу, 2 әдеби-әуенді кеш, 1 кездесу кеші, 2 диспут, 2 ауызша журнал және 31 әңгіме өткізілді.
2006 жыл
ӘГҒФ №1 оқу ғимаратының ішінен 7800 дана кітап қорымен «Абонемент» бөлімі ашылды.
Ф.М. Мырзаханова Сеул қаласында өткен ИФЛА-ның «Кітапхана: Әлемдік қауымдастықтың дамуының білім қозғаушы күші» атты Дүниежүзілік кітапханашылар мен ақпарат қызметкерлерінің 72-ші Конгресіне қатысты.
«Кітапхананың ақпараттық-кітапханалық қызметінің дәстүрлі және жаңа түрлері» атты облыстық кітапханашылар семинары өткізілді.
Осы жылы кітапхана қызметкерлерінің жұмыстарын жоспарлау мен мөлшерленген міндеттерден шығу мақсатында «Норма времени на основные библиотечные процессы, выполняемые научной библиотекой ТарГУ им. М.Х. Дулати» әзірленді.
30-31 мамыр күндері Жамбыл политехникалық колледжінде Мектепке дейінгі және орта білім беру Департаменті, Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы және Жамбыл облысы әкімшілігі білім беру департаментімен бірлесіп «Кітапханашы мен оқырмандар ынтымақтастығы өзара ықпалдасу тиімділігі» тақырыбымен республикалық семинар өткізілді.
Облыс кітапханашылары үшін «Ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетудегі дәстүрлі және жаңаша көзқарас» тақырыбында семинар өткізілді.
Ғылыми кітапхана 2006- 2008 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы барысында білімнің 15 саласы бойынша – 6375 дана әлемдік ғылыми ой-сананың мәдениет пен әдебиеттің таңдаулы жетістіктерімен кітап қорын толықтырды. Мысалы: «Бабалар сөзі», «Қазақ халқының философиялық мұрасы», «Қазақстан тарихы туралы деректемелер», «Қазақстан суретшілері», «Қазақтың халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» және т.б. құндылықтар.
Оқырмандарға қолайлы болу үшін № 6.5 оқу залы және мерзімді басылымдар оқу залы, көлемі 470 ш.м., 150 оқырман орындыққа, абонементте кітап қорын сақтайтын және каталогтар үшін бөлмелер кеңейтілді.
Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 54 кітап көрмесін ұйымдастырып, 30 библиографиялық шолу, 4 әдеби-әуенді кеш, 2 кездесу кеші, 2 оқырман конфененциясы, 31 әңгіме, 1 диспут өткізді.
2007 жыл
Ғылыми кітапхананың 2007-2010 жылдарға арналған даму Концепциясы жасалынды.
Кітапхананың компьютелік технологиялар паркі 40%-ға жаңартылды.
БЭРО қызметкерлері 2007 жыл қорытындысы бойынша «Кітапхана жұмысына жаңа инновациялық даму жобасын ұсынғаны үшін» номинациясын иеленді.
«Кітапхана қызметінің әдістемелік қамтамасыз етілуі» тақырыбындағы семинар өткізілді.
«Оқырман қауым - бәсекеге қабілетті ел негізі» Халықаралық Оқу Конгресінде көтерілген жас ұрпаққа кітап оқыту, көркем әдебиет оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханашылар Ассоциясының бастамасымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2007 жылғы қыркүйекте елімізде алғашқы рет «Бір ел – бір кітап» акциясын өткізуді жариялаған болатын. Оқу мәдениеті мен сауаттылықты қалыптастыру, рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық көзқарас таныту бағытында көптеген іс-шаралар өткізілді, 5000-ға жуық оқырман қатысты.
«Сезім» отауының 5 жылдығына арнап және көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз мерекесіне арнап «Қыз- өмірдің қызғалдағы» атты әдеби- әуенді кеш өткізілді.
Еуразия университетінің бастауымен 15 сәуір “Қозы Көрпеш- Баян Сұлу”- ғашықтар күні деп жариялануына байланысты «Сезім» жастар отауында- «Махаббат - мәңгі ертегі» атты факультетаралық байқау өткізілді.
Мәдени мұра құндылықтарын насихаттау мақсатында Ғылыми кітапханада 2007 жылдың маусым айында «Мәдени мұра – ұлы мақсаттың бастауы» тұсаукесер рәсімі өткізілді. Бұл тұсаукесерде 500 томдық әлемдік ақыл-ойдың қымбат қазынасы ана тілімізде, сондай-ақ кітапханадағы 20 қазақ киносының сандық жүйеге көшірілген нұсқасының (компакт диск) кітапхана қорына келіп түскендігі туралы айтылғаны оқырмандар үшін де айрықша елеулі де маңызы бар оқиға.
«Кітапхана қызметінің әдістемелік қамтамасыз етілуі» атты облыстық форум өтті.
Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 65 кітап көрмесін ұйымдастырып, 38 библиографиялық шолу, 4 әдеби-әуенді кеш, 2 кездесу кеші, 3 оқырман конфененциясы, 24 әңгіме, 2 поэзиялық кеш, 1 дөңгелек стол, 1 байқау өткізді.
2008 жыл
Кітапхана директоры Ф.М.Мырзаханова Канаданың Квебек қаласында өткен ИФЛА-ның «Шексіз кітапханалар: жаһандық бірігу бағыттары бойынша жетілдіру» атты 74-ші халықаралық конгресіне қатысты.
Елімізде екінші рет өткізілген «Бір ел - бір кітап» акциясына жалпы оқуға Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» повесі таңдалып алынуына байланысты оқырман конференциясы өткізілді.
Университеттің 50 жылдық мерейтойы қарсаңында кітапхана ұжымы кітап қорына жүргізілген ретроконверсия жұмысын аяқтады.
Ғылыми кітапхананың 50 жылдық мерейтойына орай «Кітапхана – білімнің биік белесі: М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Ғылыми кітапханасы» атты кітап, фильм шығарылды.
Үйлестіруші-әдістемелік орталыққа 10 жыл толуына орай, «Жоғары оқу орны кітапханалары: жетістіктері мен жаңа мүмкіндіктері» атты облыстық кітапханашылар семинары өткізілді.
Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 52 кітап көрмесін ұйымдастырып, 28 библиографиялық шолу, 1 әдеби-әуенді кеш, 3 оқырман конфененциясы, 18 әңгіме өткізді.
2009 жыл
Кітапхана директоры Ф.М.Мырзаханова Италияның Милан қаласында өткен ИФЛА-ның «Кітапханалар - білімге қол жеткізудегі қозғаушы күш» атты 75-ші халықаралық Конгресіне қатысты.
«Кітапханадағы ақпараттық-библиографиялық жұмыс» атты аймақтық кітапханашылар семинары өткізілді.
Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар институтының профессорлық-оқытушылар құрамына және білімгерлер қаумына оқу процесіне көмек ретінде №1 оқу залы ашылды.
«Кітапхана 4.02» бағдарламасынан «Kazakh Soft» компаниясы жобалаған «КАБИС» (Қазақтың автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесі) бағдарламасына көшті. Кітапхана қорындағы кітаптар мен өзге де құжаттарға тапсырыс беру, оны жылдам іздестіруді жүзеге асыру http://ecat.tarsu.kz электрондық каталогы арқылы орындалады. Жаңа түскен кітаптарға штрихкод қойыла бастады.
Кітапханалық-ақпараттық орталық «КАБИС.Full» бағдарламасы негізінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы электронды ресурстар қорын толықтырып, оқырмандарға жаңаша түрде - электронды қызмет көрсетуді ұйымдастырды.
«Электронды оқырман картотекасы» ұйымдастырылып, оқырманның аты-жөні, факультеті, мамандығы, тобы және т.б. мәліметтер енгізіледі
«Бір ел - бір кітап» ақциясына Мағжан Жұмабаевтың «Жан сөзі» атты махаббат жырлары таңдап алынды. Осы акцияға орай «Сезім» отауы Мағжан Жұмабаевтың махаббат жырларына арналған поэзиялық кеш, «Батыр Баян» атты патриоттық поэмасы бойынша оқырмандар конференциясы өткізді. «Ой толқын» отауы «Мен жастарға сенемін» атты мәнерлеп оқудан байқау ұйымдастырды.
Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 68 кітап көрмесін ұйымдастырып, 40 библиографиялық шолу, 3 әдеби-әуенді кеш, 6 диспут, 2 тұсау кесер, 42 әңгіме, 1 поэзиялық кеш, 2 дөңгелек стол, 1 байқау,1талдау өткізді.
2010 жыл
5 ақпаннан бастап, кітапхана директоры Ф.М.Мырзаханованың құрметті демалысқа шығуына байланысты М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Үйлестіруші-әдістемелік орталығының (Ғылыми кітапхана) директоры қызметіне Гүлжан Жеңісбекқызы Иржанова тағайындалды.
Тамыз айында Ғылыми кітапхана директоры Г.Ж.Иржанова Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жоғарғы оқу орны кітапханаларына арналған «Жоғарғы оқу орны кітапханалары электронды ақпараттық ортада» атты республикалық семинарына қатысып, «Жоғарғы оқу орны кітапханаларының инновациялық қызметіне жаңа көзқарас» тақырыбында баяндама жасады.
Төртінші рет өткізіліп отырған «Бір ел-бір кітап» ақциясына Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» атты патриоттық поэмасын жатқа айтудан байқау, «Шеті мен шегі жоқ арман әлеміне мен мәңгілікке келдім» атты ақынға арналған әдеби кеш ұйымдастырылды.
22 қыркүйек Қазақ халқының ұлы перзенті, қаһарман жауынгер, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерей тойына орай, кітапхананың «Ой толқын» отауы мен университеттің тәрбие бөлімі бірлесе отырып, «Біртуар Бауыржан Момышұлы» атты шығармашылық кездесу кешін өткізді.
№3 мерзімді басылымдар оқу залы ашылды.
16 сәуірде ТарМУ Ғылыми кітапханасы үйлестіруші-әдістемелік орталық ретінде Жамбыл облысы кітапханашыларына «Kazakh Soft» компаниясының директоры К.К.Мамбеталиевтің қатысуымен «КАБИС» бағдарламасының тұсаукесерін өткізді.
РМЭБ –(РЖОО)-ҚР жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапханасына www.rmeb.kz қосылды және ай сайын университет оқытушыларының дербес ғылыми жұмыстарын жіберіп отырды.
ҚазҰЭК (КазНЭБ) -Қазақстан Ұлттық электрондық кітапханасының – www.kazneb.kz толық мәтінді деректер қоры ұсынылды.
«Кітапханалар электрондық-ақпараттық ортада» атты аймақтық кітапханашылар семинары өтті.
Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 63 кітап көрмесін ұйымдастырып, 27 библиографиялық шолу, 2 әдеби-әуенді кеш, 1 диспут, 1 кездесу, 1 оқырман конференциясы, 6 әңгіме, 1 поэзиялық кеш және 2 дөңгелек стол өткізді.