тел: 8 (7262) 45 74 33 
lib@dulaty.kz
 
Дс.-Жм. 9.00 - 18.00
  • Kaz
  • Rus
  • Eng

1958-2000 жылдары

1958 жыл

   Қазақ химия - технологиялық институның Жамбылдағы филиалының кітапханасы ретінде басталды. Онда кітап қорын толықтыру және оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінде 3 кітапханашы - Т.А.Нурпейсова, Г.С.Ракитина, М.А. Каштаевалар 2900 дана кітап қорымен жұмыс атқарған. Осы кездегі оқырман саны – 400, оқытушылар –100, қызметкерлер –25 болды.
   Оқырмандар  сұранысын қамтамасыз ету мақсатында оқу залынан кітапханааралық абонемент (КАА) қызметі ұйымдастырылып, институт Мәскеу, Ленинград, Рига, Алматы, Фрунзе, Киев қалаларының кітапханаларымен келісім-шартқа отырды. 1959-1963 жылдар аралығында 43 оқытушының 400 тапсырысы орындалды. Осы жылы Лениградтағы Салтыков-Щедрин атындағы мемлекеттік көпшілік кітапханасынан институт мамандығына қатысты 100-ден аса анықтамалықтар мен ғылыми еңбектер, оқулықтар сыйға алынды. Олар: Цехановский, М.Ю. Сборник узаконений по акцизу сахара и мерам урегулирования сахарной промышленности. - Санкт-Петербург: типография В. Киршбаума, 1909.- 582с.; Крахмальное декстринное и паточное производства/Составил инженер-технолог К.К. Веберь. – издание третье, дополненное.- Санкт-Петербург: Изд. А.Ф. Девриена, 1910.- 424с. Т.б.

 1962 жыл

   Жамбыл су мелоративті құрылыс институты құрылып, Қазақстан ауылшаруашылық институтының сыйға тартқан 9957 дана кітап қорымен кітапхана  ашылды. Кітапхананың алғашқы меңгерушісі болып Ольга Кузьминичина Горшенина тағайындалды. Кітапхананың штаттық кестесі 5 бірліктен тұрды. Ол кітапхана меңгерушісі, кітап қорын толықтыру бөлімінің меңгерушісі, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі және 2 кітапханашы. Институт кітапханасы сол кездегі Коммунистік, 61 мекен-жайындағы ғимараттың 7 бөлмесінде орналасқан (қазір онда Жамбыл облыстық өлкетану музейі орналасқан).

1963 жыл

   Қазақ химия - технологиялық институты филиалынан өз алдына Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты болып құрылды. Кітапхананы Н.К.Крупская атындағы Ленинград мемлекеттік мәдениет институтының түлегі Ариадна Игоревна Жукова 1963 жылдан 1986 жылдар аралығында басқарды. Кітапханашылар саны 5 адамға көбейіп, кітап қоры 22 866 данаға өсті. Осы жылы 13 адамнан  тұратын кітапхана кеңесі құрылып, оның құрамына кітап сүйер қауым және ерікті кітапхана көмекшілері енді. (фото Жукова А.И.)

1964 жыл

   Қазақ политехникалық институтының өңірлік филиалы Қаратау қаласынан ашылды. Бұл Қаратау-Жаңатас фосфорит бассейнін игеруге маман кадрлар даярлау қажеттілігінен туындаған болатын.   Осы күнге дейін іргелі оқу орны 9 000- нан астам мамандар даярлап шығарды. Осы институт ашылған күннен бастап кітапханасы да тұрақты жұмыс істеуде.

1967 жыл

   Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының кітапханасында ақпараттық – библиографиялық,   кітап қорын толықтыру  және өңдеу бөлімдері ашылып, кітапхана ғылыми оқу жүйесінде қызмет көрсетуін жалғастырды.
   Бұл бөлім оқырмандарға ақпараттық-библиографиялық және анықтамалық - библиографиялық қызметтер  көрсетті. Осы жылдан бастап білім саласы бойынша «Жүйелі мақалалар картотекасы» және бөлімнің «Озық тәжирбелер картотекасы жүргізілді. Кітапханаға түскен мерзімді басылым (газет, журналдар) мақалаларына   библиографиялық   сипаттама жасалып, жүйелі мақалалар картотекасына сала бойынша іріктеліп алынып, толықтырылып отырды.

1968 жыл

   Кітапхана жаңа оқу корпусына көшірілді де, кітап қоры 200 000 данаға жетіп, білімгерлерге көркем және саяси-қоғамдық әдебиеттер қорын ашық пайдалануға мүмкіндік берілді.

1970 жыл

  Жамбыл су - мелиоративті құрылыс институтуының кітапханасы жаңа жатақхана корпусына көшіріліп, онда 2 оқу залы, абонемент және ғылыми әдебиеттер  бөлімі ашылды. Кітапхана қоры әртүрлі сала бойынша кітаптармен толықтырылып  213.271 дана болды.

           1970 -1982 жылдары кітапханаға Т.П. Мельникова басшылық етті.

1977 жыл

   Кітапхана екі академиялық  топта «Оқу үлгерімін және кітапханадағы кітап оқу байланысын зерттеу» тақырыбында ғылыми сараптама жүргізді.
   Мамыр айында оқу залы 4-ші оқу корпусының 4-ші қабатына көшіріліп,  онда жалпы инженерлік факультетінің 1- ші және 2-ші курс білімгерлері сабаққа даярлануы үшін мүмкіндік жасалды.

1980 жыл

   Қыркүйек айында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының кітапханасы Қазақ ССР жоғары және арнайы орта білім министрлігінің бұйрығы бойынша  Жамбыл қаласының жоғары және орта арнайы оқу орындарының негізгі әдістемелік орталығы болып тағайындалып,  жоғары, орта арнайы оқу орындарының 11 кітапханасына жетекшілік ететін екі секция жұмыс істеді.

1981 жыл

   Ғылыми-әдістемелік бөлімі құрылып, Жамбыл қаласының жоғары және орта арнайы оқу орындарының кітапханаларына әдістемелік көмек көрсетуді, кітапханашылардың мамандығын жетілдіруді ұйымдастырды.

        Студенттерге жағдай жасау мақсатында технологиялық кешенінде №2 абономент ашылды.

 1982 жыл

    Жамбыл су-мелиоративтік құрылыс институтының кітапханасы жаңа соғылған «Ғылымдар  үйі» кешеніне көшірілді.
   Кітапхананың қызметтік каталогы ондық жүйеден «Кітапханалық-библиографиялық жүйеге» көшіріле басталды.
   Оқу залы, көркем, ғылыми әдебиеттер абонементтері ашылып, кітапханааралық абонемент және тәрбиелік секторлар жұмыс жасай бастады.
   1987 жылы ЖЖТӨТИ кітапханасының жалпы қоры 373.860 дананы құрады.
  1982-1994 жылдар аралығында Күлпаш Әлімғазықызы Ибрайшина кітапхана меңгерушісі болды. Кітапхана ұжымы оқырмандарға ақпараттық, көпшілік жұмыстарды жетілдіру мақсатында білімгерлерге топтық әдіспен «Басшылыққа саралап қызмет көрсету», «Ақпаратты іріктеп тарату» жүйелерінде қызмет етуді ұйымдастырды. Кітап қоры 379 000 данаға көбейді.

1983 жыл

   Кітапхана меңгерушісі К.Ә. Ибрайшина іс-тәжірибе алмасу үшін Москва қаласына Темирязев атындағы ауылшаруашылық академиясына, Воронеж қаласындағы ауылшаруашылық институтынның кітапханасына, Алматы қаласына Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының кітапхана қызметкерлерінің семинарларына қатысып қайтты.
   1983 жылы кітапхана қайтадан «Ғылымдар үйіне»  көшірілді. Ұжым құрамы көбейіп, кітап қоры да өсті. Ғылыми әдебиеттер, мерзімді басылымдар, анықтамалық – библиографиялық бөлімдер жұмыс істеді. Кітапхана оқытушыларға, 1-3 курстар білімгерлеріне және  4-5 курс білімгерлеріне жеке-жеке қызмет көрсетті.

1984 жыл

   Кітапханада «Қоғамдық саяси» және «Ғылыми әдебиеттер»  абонементтері ашылды.

1985 жыл

    Кітапханааралық абонемент секторы құрылып, онда жылына 400-500 оқырманға қызмет көрсетілді.
   Кітапханада көркем әдебиет бөлімі ашылып, оған жалпы кітап қорынан 14000 дана басылым бөлініп берілді. Осы жылы КАА (МБА) секторы құрылып, онда жылына 400-500 оқырманға қызмет көрсетілді. Жазғы сауықтыру-еңбек лагері «Жасөркенге» және «Полив» жылжымалы оқу- әдістемелік жазғы практикада кітапхана жұмыс істеп, 480 дана кітап және мерзімді басылымдар жіберіліп 1000 оқырманға қызмет көрсетілді. Кітапханада кітап қорын «Кітапханалық-библиографиялық жүйеде» орналастыру жұмысы басталды. Кітапхана қызметкерлері «Ақпарат, кітапхана және баспа ісі» бойынша стандарттар жүйесін оқып үйреніп, стандарттарды ендіру мақсатында техникалық-ұйымдастыру іс-шаралардың жоспарын жасады.

 1986 жыл

   «Ғылымдар үйінен» институттың бас корпусына кітапхананың оқулық және ғылыми әдебиеттер абонементтері, ақпараттық-библиографиялық, кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімдері көшіріліп, 120 орындық оқу залы ашылды. Бөлімдер жаңа жиһаздармен жабдықталды.
   Қазақтың ұлы күйші-композиторы, аспапты музыка өнерінің классигі- Құрманғазы Сағырбайұлының 180 жылдық мерей тойына орай  «Ғылымдар үйінде» Абай атындағы драма театрының әртістері шақырылып, олар Құрманғазы туралы қойылым көрсетті. Кездесу өте қызықты және әсерлі өтті.
   1986 – 1990 жылдар аралығында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының кітапханасын Эмма Яковлевна Сидоренко басқарды.

 1987 жыл

   «Жас кітапханашылар мектебі» құрылып,  «Жас кітапханашылардың тәлімгер ұстазы» тақырыбында кітапханашылар конкурсы ұйымдастырылды.

1988 жыл

   Бас кітапханашы М.А.Берденова, аға кітапханашы Р.А.Югай Қарағанды қаласында өткен «Жоғарғы оқу орындарының ғылыми-әдістемелік жұмыстары» атты семинарға қатысып қайтты.

1989 жыл

   София Салимовна Нурсеитова Киев қаласында өткен Бүкілодақтық кітапханашылар семинарына қатысып қайтты. Мелитополь қаласында өткен бүкілодақтық «Задачи библиотек сельскохозяйственных вузов в свете перестройки высшей школы» атты семинарға кітапханашы Г. Найзабекова қатысып қайтты.

1991 жыл

   Ақпараттық-библиографиялық бөлім қызметкерлері  институттың профессор –оқытушылар құрамының 1970-1990 жылдар аралығында жазылған ғылыми жұмыстарына библиографиялық көрсеткіш шығарылды. Бұл көрсеткіште берілген барлық сипаттама саны 1600, орналасу тәртібі жүйелі түрде көрсетілген.
    1987- 1996 жылдар аралығында София Салимовна Нурсеитова кітапханаға басшылық жасап, жемісті қызмет атқарып, жас мамандарға үлгі-өнеге көрсете білді.***
    Воронеж қаласындағы К.Д.Глинка атындағы аграрлық университет кітапханасында өткен «Библиографическая работа библиотек аграрных вузов страны» атты семинарға  іс-тәжірибе алмасу мақсатында кітапханашы А.А.Ли және әдіскер М.И.Молдалимова қатысып қайтты.
   1994 - 1998  жылдар аралығында Гулнара Мақсутқызы Аханова «Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс» институтының кітапханасына басшылық қызметін атқарды. Осы жылдары кітапханаға Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша тәмәмдаған көптеген жас мамандар тартылды (Есіркепова Гүлмира Жарылқапқызы, Рыбалкина Надежда Владимировна және т.б.).
 
1996 жыл
   1996 - 1998  жылдыр аралығында Мария Әбдіхалыққызы Берденова кітапхананың басшылық қызметін атқарды.
   Кітапхана жұмысының қалыптасуына, кітап қорын толықтыруға, қолдағы бар құндылықтарды жинақтап, жүйелеп, саралап әр жылдары оқырманға жеткізуге өз үлестерін қосып, абыройлы еңбек еткен кітапханашылар: А.А.Сагатилян, С.Б.Жанабаева, Т.Куренкеева, М.А.Берденова, А.А.Абдрахманова, Р.А.Югай, Т.С.Измайлова, Б.И.Ордабаева,  Ш. Жүнісбекова және т.б.
 
1998 жыл
 
   24 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №256 Қаулысымен облыс орталығындағы үш жоғары оқу орны Жамбыл университеті, Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты кітапханаларының бірігуімен   Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапханасы құрылып, 1998 – 2009 жылдар аралығында Фарида Мұқсынқызы Мырзаханова басқарды.
   Кітапхана қызметкерлерінің штаттық бірлігі- 61
 Ғылыми кітапхана «Сорос-Қазақстан» қорының бірінші грант иегері, Қазақстан Республикасы кітапханалары Қауымдастығының мүшесі, Фарида Мұқсынқызы «Кітапханалардағы тиімді өзгерістерге арналған жобаларды басқару» атты халықаралық семинар-тренингте жеңімпаз деп танылып, Республикалық кітапхана қызметкерлерінің II съезіне Жамбыл облысынан  делегат болып қатысты. Осы жылы, Астана (ол кездегі Ақмола) қаласында  «ЖОО кітапханаларының коллекторының» ұйымдастыруымен еліміздің сол кездегі  19 облысының ЖОО кітапхана мамандарына «Кітапхана 4.02» бағдарламасы бойынша он күндік оқыту- тренингтері ұйымдастырылып,оған Иржанова Гүлжан Жеңісбекқызы қатысып, тренер сертификатын иегерленіп қайтты.
 
1999 жыл
 
   Қаңтар айында екі штаттық бірлікпен Ғылыми кітапхананың барлық үрдістеріне жаңа ақпараттық технологияны ендіру мақсатында  «Кітапхана үрдістерін автоматтандыру бөлімі» құрылды. Жоғарғы оқу орны кітапханаларының Ассоциациясының көмегімен М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапханасынан «Кітапхана 4.02» бағдарламасы алынды. 
   Кітапхана Интернет желісіне қосылып, қазан айында электронды почтасын ашты. Кітапхана мамандары жаппай «Компьютерлік сауаттылық» курстарын оқи бастады.
   Бөлім өз жұмысын кітапханалық - библиографиялық үрдістерді автоматтандыруды «Кітапхана 4.02» бағдарламасы бойынша 2-1 абонемент қорын электронды каталогқа енгізу мақсатында ретроспективтік үрдіс басталды.
  «Британ Кеңесінен» грант жеңіп алынып, экономика, құқық саласы  және ағылшын тіліндегі көркем әдебиеттер алынып, кітап қоры мыңға жуық әдебиеттермен толықтырылды.
   Кітапхана қорынан ХІХ - ХХ ғасырлар аралығында басылып шыққан құнды энциклопедиялар, сөздіктер мен анықтамалар және сирек кездесетін әдебиеттер жинақталып «Сирек әдебиеттер қоры» ұйымдастырылды.
   «Әлем тілдері мен әдебиеті» факультетінің білімгерлерінің сұранысы бойынша  №1 оқу залы ашылды.
5 қараша күні «Кітапхананы бүгінгі күнге орай жабдықтау және әрлендіру» атты облыстық кітапханашылар семинары өткізілді. Семинар соңында  Ғылыми кітапхананың директоры Ф.М.Мырзаханованың  ұсынысы бойынша  жыл сайын  қарашаның 5-ші жұлдызы «Жамбыл облысы кітапханашылар күні» деп белгіленді.
   Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына осы жылы 126 кітап көрмесін ұйымдастырып, 37 библиографиялық шолу, 1 әдеби-әуенді кеш, 6 диспут, 2 презентация өткізді.

2000 жыл

   Ғылыми кітапхана Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны кітапханаларының қауымдастығына мүше болды.
   Кітапхана қызметкерлерінің штаттық бірлігі - 70
  Профессор, мемлекеттік сыйлық иегері «Абайтанушы» ғалым  Мекемтас Мырзахметұлының 5305 дана жеке кітапхана қорынан, филология факультетінің жанынан «М.Мырзахметұлы кітапханасы» ашылды.
   13 желтоқсан  ТарМУ-нің №3 жатақханасынан, жатақханада тұратын барлық білімгерлеріміздің сұранысы бойынша, интернет желісіне қосылған 4 компьютермен қамтамасыз етілген, 36 орындықтық  №8 түнгі оқу залы ашылды. 
   Кітапхана Сорос-Қазақстан қайырымдылық қорының «Ашық ұйым» институтының «Пушкин кітапханасы» мегажобасының жеңімпазы атанып, кітап қоры - 3550 данаға толықтырылды.
   Кітапхана жетілдіру бөлімінің ұйымдастыруымен «Идея года» атты тренинг ұйымдастырылды.
  2000 жыл «Мәдениетті қолдау» жылы болып жариялануына орай, мәдениетімізді, әдебиетімізді, өнерімізді насихаттау мақсатында «Ой толқын» және «Дидар» атты оқырман клубтары ұйымдастырылды.
   «Шығармашылық ой-пікірлер жәрмеңкесі» атты облыстық семинар өтті.
   Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 83 кітап көрмесін ұйымдастырып, 26 библиографиялық шолу, 3 әдеби-әуенді кеш, 1 диспутпен 3 әңгіме  өткізілді.