Құрметті оқырман қауым!
Сіздерді, Кітапханалық-ақпараттық орталықта (2-қабат, тех.кешені) наурыз айының 18 жұлдызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатын Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» жаңа бағдарламалық мақаласына орай ұйымдастырылып отырған кітап көрмесіне шақырамыз. Елбасының бұл мақаласында Қазақстанның тарихын зерттеу және ұлттық мұрамызды паш етуге бағытталған ірі алты жобасы жайлы мағлұматтармен таныса аласыздар.

Қазақша
Русский
English
Clarivate Analytics компаниясы Сіздерді «Web of Science платформасының негізгі ақпараттық-аналитикалық құралдары. Журналдарды жариялауға арналған іріктемелер» атты семинарына қатысуға шақырады. Семинар 15.03.2019ж сағ.14.00-де Тех.кешенінің 1-қабаты, Интернет-класында (Корпус 2.1, фойе) өтеді. Семинар жүргізушісі - Clarivate Analytics компаниясының өкілі, ақпараттық ресурстар мен білім беру бағдарламалары жөніндегі сарапшысы – Инеш Кенжина. Семинар нәтижелері бойынша қатысушылар сертификатқа ие болады.