Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық 2019 жылдың 19-ақпанында сағ.14.30 да университетіміздің кітапханалық- ақпараттық орталығының №1 оқу залы мен «Филология және журналистика» кафедрасының студенттерінің ұйымдастырумен қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықты насихаттау, олардың әлемдік ғылыми әдебиеттерге деген қызығушылығын арттыру, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша «Ұлттық аударма бюросынан» аударылған 19 аталымнан тұратын оқулықты таныстыру мақсатында «100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» - БОЛАШАҚҚА БАСТАМА» атты дөңгелек үстел өткізілді.
2019 жылдың 21 ақпан күні сағ.18.30-де «Білімгерлер үйінде», Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №11 түнгі оқу залында «Жастар жылына» арналған «Қабілетті жастар – ел болашағы» атты дөңгелек үстел өтті. «Білімгерлер үйінде» тұрып жатқан бір топ студент қауым «2019 -Жастар жылы» аясында туындаған ой-өрісімен бөлісіп, талқылауға салды. Іс-шара қатысушылар,«Жастар жылы» деп жариялаумен жастар саясатындағы мәселелердің түйіні түгел тарқатыла қоймайтынын атап өтіп, алайда бір жыл ішінде салаға серпін беретін жобалардың қолға алынуына сенетіндігін білдірді.
Барлық кітап сүйер қауымға акция аясында таңдалынған шығармамен тереңірек танысу үшін Кітапханалық-ақпараттық орталық оқырман конференцияларын, кездесулер, түрлі танымдық әдеби кештер, өмірі мен шығармашылығына арналған тұсаукесерлер және т.б. көпшілік іс-шаралар өткізеді. Осыған орай 27 ақпанда ГӘҒФ кешені, №405 аудиториясында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторы мен «Филология және журналистика» кафедрасының доценті, Балзия Баешованың «Көзайым» әдеби-шығармашыл жастар үйірмесі "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым, филология ғылымының докторы, проф., Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтің лирикалық өлеңдеріне арналған «Сыр сүлейі, жыр дүлейі» атты әдеби-сазды кешін өткізді.