28.10.2019ж. Кітапханалық – ақпараттық орталық оқу залында Clarivate Analytics компаниясы «Web of Science. Журналдарды таңдау құралдары», «Қазақстандық ғалымдарға арналған Clarivate Analytics ақпараттық ресурстар» атты семинар өтті. Семинар жүргізушісі - Clarivate Analytics компаниясының өкілі, ақпараттық ресурстар мен білім беру бағдарламалары жөніндегі сарапшысы – Инеш Кенжина.
Ақпарат күніне!
Құрметті «Мұнай, газ және механика» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен студенттері!
Сіздерді 24.10. - 05.11.2019ж. аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталық (№6-2 Абонемент, Ғылыми оқу залы, гидро.кешен) ұйымдастырып отырған «Ақпарат күніне» және «Кафедра күндеріне» шақырады. Сіздер мұнда өз салаңыз бойынша кітапхана қорымен, жаңа түскен әдебиеттермен және электронды ресурстармен таныса аласыздар.
КЕЛІҢІЗДЕР! КӨРІҢІЗДЕР! КҮТЕМІЗ!
Бейімбет Майлин – 125 жыл
2019 жылы 17 қазан күні Кітапханалық - ақпараттық орталық №6-6 оқу залының кітапханашысы Д.А.Биназарова "Су шаруашылығы, экология және құрылыс" факультетінің «Экология» кафедрасының оқытушысы С.Жигитова бастаған 6В05213 – «Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасының 6В05213-19/1, 6В05213-19/3 топтарының 1 курс студенттері арасында қазақтың көрнекті жазушы Б.Майлиннің 125 жылдығына орай - «Бейімбет Майлин- ақын, реалист» атты ауызша журнал өткізді. Оқырман назарына, кітапхана қорында бар, ұлы жазушының - «Шұғаның белгісі», «Ел сыры», «Азамат Азаматыч. Ұлпан», «Қызыл жалау: роман, повесть, әңгіме, пьеса, фельетон, очерктер», «Бес томдық шығармалар жинағы»: өлеңдер, поэмалар», «Шығармалар Т.3, 4: Повестер мен әңгімелер», «Бес томдық шығармалар жинағы.Т.3», «Рыжая полосатая шуба»- атты шығармалары ұсынылды.