Яндекс.Метрика

                                                                                                                

СТУДЕНТТЕР КҮНІМЕН

Құрметті студенттер қауымы!

   Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып, көңіл төрінде қатталып қалған студенттік кезең ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір жылдар талай әдемі де, әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін қыздырғаны белгілі. Сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – студенттердің әр күні мерекедей өтсе де, күнтізбеде белгіленген өзіндік мейрамдары да бар. Ол Халықаралық студенттер күні.

  Сіздерге табысты білім алып, үнемі ізденіс үстінде болуларыңызға, студенттік кезеңді мағыналы да, қызықты өткізулеріңізге тілектеспіз. Сіздерге алда білімнің жаңа шыңдарын игеріп, бірегей жаңалықтар ашуға және бастаған барлық бастамаларыңыздың сәтті болуына тілектеспіз!