ХАБАРЛАНДЫРУ!

«Бір ел – бір кітап» акциясы

  Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында 2021 жылы таңдалып алынған ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» ұранымен танымал қазақстандық авторлардың 30 үздік туындыларының бірі - Мадина Омарованың «Көмбе нанның дәмі» драмасы таңдалып алынды.

  Драма Ұлы Отан соғысы жылдары тылда қалған халықтың басындағы ауыр халді суреттейді. Алапат майдан елдегі ер-азаматты түгел сыпырып алып кеткенде, барлық қиямет-қиыншылық ауылда қалған шал-кемпір, бала-шаға мен әйелдердің мойнына қыл шылбыр болып ілінді. Сол бір кез тағы бір сұмдығымен тарихта қалды. Ол – кеңес өкіметінің сая­сатына қайшы болып көрінген ұлттарды туған жерінен айырып, басқа мекенге депортациялау болатын. Қуғын-сүргінге ұшыраған ұлт өкілдері қазақ ауылдарына келді. Ел мен елдің, ұлт пен ұлт­тың бау­ырласу процесі, ұлтымыздың қо­нақ­жай­лылығы кең мазмұнда көрініс тап­қан. Туындыда қазақтың өзі қайғыдан қан жұтып, аш-жалаңаш отырса да, пана іздеп келген жұртты сыртқа теппей, ая­лы алақанын қалай ұсынғаны баяндалады, халықтың басына түс­кен нәубет, күштінің әлсізге көрсеткен өк­темдігі, қарапайым ауыл адамдарының тір­шілігі, бүкпесіз де боямасыз қалпында берілген.