ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті кітап сүйер қауым!

  Өзіңізді интеллектуалды және рухани дамытқыңыз келсе, қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын оқыңыз. 2021 жылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» жалпыхалықтық оқуға іріктеліп алынды. Соның ішінде балалар әдебиетінің майталмандары Толымбек Әбдірайым «Алабұға аулаған күн», Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек», Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас»  ең үздік жұмыстары бойынша жасалынған буктрейлерді назарларыңызға ұсынамыз! Акцияның мақсаты-оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени, рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық.
   КІТАП ОҚУДАН ЖАҚСЫ ӘСЕР АЛЫҢЫЗ! БІЗБЕН БІРГЕ БОЛЫҢЫЗДАР! (FacebookInstagramVk)
   Технологиялық кампус,  2 – оқу залы.