«Ұрпақ тарихы – бүгінгі аңыз бен ертегі»

   Кітапханалық- ақпараттық орталық  №6 оқу залының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 6 қазан күні «Ұстаз» институтының жатақхана студенттеріне ағылшын жазушысы Джоан Кэтлин Роулингтің «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме» шығармасы желісі бойынша түсірілген фильм көрсетілді. Бұл шығарма «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында 2021 жылы оқуға ұсынылған 30 үздік туындының ішінде аударма саласы бойынша таңдалып алынған балалар мен жасөспірімдерге арналған қиял-ғажайып роман.

   Студенттерге «Бір ел- бір кітап» республикалық акциясының тарихы мен мақсаты, 2007 жылдан 2021жылға дейінгі акциялар туралы айтылды. Биылғы акцияға байланысты ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» ұранымен танымал қазақстандық авторлардың 30 үздік туындыларының толық  электрондық нұсқаларын кітапхана сайтынан (lib.tarsu.kz) ұсынылды.