«Бір ел – бір кітап» акциясы

   «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады. Аталмыш акция аясында "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап" атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді.
   30 қыркүйек 2021 жылы Кітапханалық-ақпараттық орталықтың оқу залында (гидро кешені, 6.2-9 оқу залы) «Экология» мамандығының 2 курс студенттерімен Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Періштелердің өлімі» - жан ауыртар  шындық бар ...» атты әдеби сағат өткізілді.