2021 жылдың қыркүйек айының 21-28 аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №7 оқу залында (Жамбыл даңғылы 16А) «Ұстаз» институтының 1,2 курс студенттеріне дәстүрге айналған медиалық және ақпараттық сауаттылық тренингтері өткізілді.
Тренингтің мақсаты - КАО сайтының (http://lib.tarsu.kz) мүмкіндіктерімен, қызмет көрсету сервистерімен, Қазақстандық және Ресей электронды кітапханаларымен (РМЭБ, IPRbooks, ЭБС Университетская библиотека ONLINE, Grebennikon) және толықмәтінді шетелдік деректер қорларымен таныстыру.