Табысты ғылыми мақала жазуды неден бастау керек

     2021 жылдың қыркүйек айының 06-08 аралығында Дулати университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығында Elsevier Орталық Азия және Әзірбайжан командасының өкілі- MD, MPH, PhD кандидаты, тренер Рабиға Хожамқұл университетіміздің профессорлық-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдарына үш күндік семинарларын өткізуде.

     4 этаптан тұрған семинардың бірінші күні тартымды да қызықты өтті. Университетіміздің 143 оқытушылары мен жас ғалымдары қатысып, өзекті тақырыптарды іздеу, авторларды ілгерілету, Хирш индексін арттыру және Scopus көмегімен жарияланымдар үшін лайықты журналды іздеу бойынша сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік алды.

     Семинардың екінші күні «Scopus көмегімен журналды қалай таңдауға болады» тақырыбы бойынша «Ұстаз» институтының оқу залында жалғасын тапты. Семинарға Университетіміздің 107 профессорлық-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдары қатысты.

 Семинардың үшінші күні "Қалай танымал автор болу керек? Журнал клубының әдісі және Халықаралық ынтымақтастықты іздеу" тақырыбы бойынша Гидро кешені, №6 оқу залында өткізілді.