ХАБАРЛАНДЫРУ!

 

Құрметті университетіміздің профессорлық-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдары! 

  Сіздерді Elsevier Орталық Азия және Әзірбайжан командасы өткізетін семинарларына шақырамыз. Мұнда, сіз өзекті тақырыптарды іздеу, авторларды ілгерілету, Хирш индексін арттыру және Scopus көмегімен жарияланымдар үшін лайықты журналды іздеу бойынша зерттеушілердің сұрақтарына жауап аласыз.
    Семинар тренері: Рабиға Хожамқұл, MD, MPH, PhD кандидаты – Азербайджан және Орталық Азия бойынша кеңесші.

   Тақырыбы: Табысты ғылыми мақала жазуды неден бастау керек. Зерттеу үшін өзекті тақырыпты қалай таңдауға болады.
   Күні: 06.09.2021
   Сессия уақыты: 9.00 – 10.30, 11.00 – 12.30, 14.00 – 15.30, 16.00 – 17.30
   Өтетін орны: Төле би, 60. 2.1 оқу залы (Технологиялық кешен, №2 оқу залы, 2-ші қабат)

   Тақырыбы: Scopus көмегімен журналды қалай таңдауға болады.
   Күні: 07.09.2021
   Сессия уақыты: 9.00 – 10.30, 11.00 – 12.30, 14.00 – 15.30, 16.00 – 17.30
   Өтетін орны:  Жамбыл даңғылы 16А, («Ұстаз» институты, оқу залы)

 Тақырыбы: Қалай танымал автор болу керек? Журнал клубының әдісі және Халықаралық ынтымақтастықты іздеу.
   Күні: 08.09.2021
   Сессия уақыты: 9.00 – 10.30, 11.00 – 12.30, 14.00 – 15.30, 16.00 – 17.30
  Өтетін орны: Сатпаев көш.,28 (Гидро кешен, №6 оқу залы)