«Бір ел–бір кітап - 2021» акциясы

   Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторы және «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасы ұйымдастырған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ағылшын жазушысы, әйгілі Гарри Поттер жайлы кітаптың авторы Джоан Роулингтің «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме» шығармасы бойынша Г.Поттер стиліндегі студенттер кеші «Гуманитарлық  әлеуметтік ғылымдар» факультетінің №1 оқу залында 2021 жылдың 13-ші сәуірінде өтті.

   Атаулы кешке факультет деканы Тұрарова А.Н. және басқа да оқытушылар мен студенттер де қатысты. Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторының жетекшісі Кабазова Н.С. «Бір ел- бір кітап» республикалық акциясының тарихына тоқталып, биылғы акцияға байланысты ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» ұранымен танымал қазақстандық авторлардың 30 үздік туындыларына дәстүрлі кітап көрмесі мен 30 кітаптың толық  электрондық нұсқаларын кітапхана сайтынан (lib.tarsu.kz) ұсынды. Г.Поттер стиліндегі студенттер кешінде студенттер шығарманың барлық бөлімдерімен қысқаша 3 тілде таныстырып, басты рөлдерді сомдаған актерлармен (студенттермен) сұхбат жүргізді, шығарма бойынша түсірілген фильмнен қойылым қойылды.
   Кеш соңында «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының аға оқытушысы Шим Т.В. өз пікірімен бөлісіп, студенттерге алғысын білдірді.