9 ақпанда Дулати университетінің Кітапханалық - ақпараттық орталығының Көркем әдебиеттер секторы Гуманитарлық - әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Конвергентті журналистика» мамандығының 1 курс студенттері арасында ақиық ақын, поэзия майталманы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Әр өлеңі – бір әлем» атты поэзия кешін ұйымдастырды.
Поэзия кешінің басты мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысу, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып оқырман назарына ұсыну, жастар арасында өнерге деген құштарлықты арттыру, Мұқағали мұрасын кеңінен насихаттау.
Аталған іс - шараны Көркем әдебиет секторының жетекшісі, Нұргүл Кабазова ақынның өмірбаяны мен шығармаларынан бастап, ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні мен өміршеңдігінің сырына тоқталды.
Кеш барысында «Конвергентті журналистика» мамандығының 1 курс студенттері: Туракулова Наргиза «Автограф», Сейділда Лаула «Үш бақытым», Ыдырысбек Шаризат «Ей, өмір», Орынбасар Диана «Бақыт деген», «Шеше, сен бақыттысың!», Сейділлаева Айнұр «Жоқ, дәрігер» және т.б. ақынның аталған өлеңдерін жатқа оқыды.
«Филология және журналистика» кафедрасының доценті, Балзия Баешова ақынның өнегелі өмірі мен естеліктері туралы өз ойымен бөлісті.
Оқырман назарына Көркем әдебиет секторының жетекшісі, Нұргүл Кабазова кітапхана қорындағы ақынның шығармаларын насихаттап, оларды кітап оқуға шақырды. Поэзия кеші ақынның өмірі мен шығармашылығына және өлеңдеріне арналаған слайдпен сүйемелденді.
Кеш соңы Хан Тәңірінің мұзбалағы атанған ақынның Е.Әбдіқалықованың әніне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнімен аяқталды.
Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бұл шараларда ақынның жан дүниесіндегі толқыныстар көрініс табады.