"LIBRARY AWARDS – 2020"

   Кітапханалық - ақпарттық орталықтың ұйымдастыруымен «LIBRARY AWARDS – 2020» атты іс-шара педагогикалық кешеніндегі «бір терезе» қағидасына негізделген заманауи ашық «OQÝ AIMAǴY» ашылу салтанаты өтті. 
   Оқырмандардың  назарына  жаңа  "open space" форматтағы "тыныш" және "еркін"  зоналар:  6 мыңға жуық қорды қамтитын  "101-ОҚУ АЙМАҒЫ" , қолжетімді  интернет,Wi-Fi бар "102-Интернет аймағы",  жеке немесе топпен жұмыс жасайтын, сабаққа дайындалатын- "103-топтық жұмыс зонасы", шаршаған кезде миды тынықтыратын демалыс орны - "104-демалу аймағы"- ұсынылды.  

  Дәстүрге айналған іс-шараның негізгі мақсаты - жастарды кітап оқуға шақыру, елдің рухани және мәдени дамуына үлес қосқан жазушылардың еңбегімен таныстыру, қызығушылығын арттыру.
   Алғашқы құттықтау сөзін бірінші проректор м.а Ержан Әмірбекұлы алып, бүгінгі кітапханашының қызметі оқырманға қажет кітабын тауып берумен ғана шектелмейтін, қызмет көрсету үлгісінің сан қырлылығын айтты. Кітапханашыларға кітап құндылығы жайлы қоғамның көзқарасын дұрыс қалыптастыру керектігін түсіндірді. Кітапханашы қызметінің абыройлы мамандық екенін айтып, Гүлжан Жеңісбекқызына алғысын білдірді.
   Іс-шара барысында ұйымдастырылған кітап көрмесіне «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында алынған кітаптар, университет профессор-оқытушылар құрамының ғылыми еңбектері, жаңа берілген оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар мен ғылыми әдебиеттер, жастардың өзін-өзі дамытуға арналған танымдық-көркем әдеби шығармалары қойылды. «Әлем таныған Әл-Фараби», «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!», Рухани жаңғыру аясындағы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақ және әлем әдебиетінің үздік шығармалары» атты QR мобильді онлайн кітапхана оқырман назарына ұсынылды.
   Жыл бойы кітапханада ұйдастырылған іс-шараларға қатысып, белсенділік танытқан оқытушылар мен студент-жастарды, кітапхананың үздік оқырмандарын «Белсенді онлайн оқырман», «Жыл оқырманы», «Үздік ұйымдастырушы», «Кітапхана волонтері» номинцияларымен марапаттады.
    Іс-шара қызметкерлерге арналған АИБС МегаПро - жаңа буын кітапханалық жүйесі» оқыту тренингімен және университеттің жас ғалымдарына арналған вебинармен жалғасын тапты.