Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!
22.10.2020ж - 22.12.2020ж аралығында Informascope компаниясы әлемге әйгілі Taylor&Francis ғылыми әдебиет баспасымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының барлық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары үшін Taylor&Francis Online ғылыми журналдарының толық мәтінді базасына тестілік қолжетімділік ұсынады (http://www.tandfonline.com/).
Taylor&Francis Online Routledge шығаратын әлемдегі ең ірі әлеуметтік және гуманитарлық журналдар бағдарламасын; Taylor&Francis және Cogentoa ұсынған алдыңғы қатарлы теориялық және қолданбалы ғылыми, технологиялық және медициналық контентті, ашық қол жетімділіктің кең ауқымды журналдар жинағын қоса алғанда, 2600-ден астам журналдарды біріктіреді. Журналдар туралы толығырақ ақпарат тіркелген файлдарда көрсетілген.