15 қазан – Кітапхана күні.

  15 қазан – Кітапхана күні. Осыған орай М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Кітапханалық ақпараттық орталықтың ұйымдастыруымен #АшықтықКреативтікЖаңашылдық_2020 атты іс-шара өткізілді.
  Жиынға факультет декандары, кітапхана мамандары мен белсенді студенттер қатысты.

 Бірнеше бөлім бойынша ұйымдастырылған іс-шара «CREATIVE ZONE» залының салтанатты ашылуымен басталды. Әрмен қарай облыстық «Рухани жаңғыру» офисінің жетекшісі Зарина Қуатова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» кітапхана қорына келіп түскен 30 аталым оқулықпен таныстырып, Кітапханалық ақпараттық орталықтың директоры Гүлжан Жеңісбекқызын Алғыс хатпен марапаттады.
  Университет ректоры Махметғали Сарыбеков  құттықтау сөз алып, кітапхана қызметкерлерін Құрмет грамоталарымен марапаттады.
 Іс-шара онлайн қызметте электронды кітапхананы тиімді пайдалану бойынша оқыту-тренингімен жалғасты. Айта кетейік, Кітапханалық-ақпараттық орталық студенттер үшін шағын әрі ыңғайлы  «CREATIVE ZONE», «COWORКING ZONE» аймақтарын  құрды. Аталған аймақтарда белсенді жастар өздерінің кез-келген жобаларын жүзеге асырып, емін-еркін пікір алмаса алады. «CREATIVE ZONE» олар үшін кәсіби және іскерлік қызметтегі жоғары бастамаларына трамплинге айналады деп болжануда.
 Іс-шара соңы «Ғылыми мақалалар жазу бойынша жас ғалымдарға арналған лайфхак» атты авторлық вебинар-тренинге ұласты. Вебинар-тренинг ZOOM интернет платформасы арқылы өтті.