15 ҚАЗАН - КІТАПХАНА КҮНІ!

   Құрметті кітапханалық-ақпараттық орталық қызметкерлері! Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
   Кітапхана күні – қызметкерлердің ғана мерекесі емес, ол оқырмандардың да мерекесі. Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Олар оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар.
  Әбіш Кекілбаев атамыз: «Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершілік ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшылары санаймын»-деп бекер айтпаса керек.
  Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ – береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!