Яндекс.Метрика

                                                                                                                

   Қызмет көрсету бөлімдерінің негізгі міндеттері:

   -ақпараттық сұраныстарға және КАО пайдалану ережелеріне сәйкес университет пайдаланушыларының барлық санаттары үшін жоғары сапалы және тиімді кітапханалық--ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету;
  -автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе (АБИС ИРБИС) платформасында есепке алу және кітап беру процестеріне жаңа технологияларды енгізу, «Оқырман», «Кітап беру» ДБ жүргізу;
   -оқырмандардың ақпараттық және медиа сауаттылығын арттыру, ақпараттық іздеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында ақпараттық-танымдық іс-шараларды (тренингтер, лекциялар, семинарлар) ұйымдастыру;
   -кітапхана қорында жинақталған мәдени-рухани мұраларды насихаттауға бағытталған мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
   - КАО кітапхана қорын ұйымдастыру және сақтау.
   КАО-ың  Ақпараттық-кітапхана қызметі бөлімінің құрылымы:
   - №1 абонемент (2.1, 4.2);
   - №2 (2.1), №4 (2.6), №5 (4.1) оқу залдары;
   - №10 түнгі оқу залы (жатақхананың техникалық жиынтығы);
   - №12 оқу залы, №4 абонемент (Қаратау колледжі)
   - мерзімді басылымдар мен РЖ оқу залы;
   - Coworking zone (2.1);
   - Creative zone (2.1);    
   - Көркем әдебиет және сирек әдебиет секторы;
   - №1 оқу залы (1,2);
   - көркем әдебиет қоры.
    Көркем әдебиет және сирек әдебиет секторының міндеттері:
   -кітапхана қорында жинақталған мәдени-рухани мұраларды насихаттауға бағытталған мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
   -оқу процесінің талаптарына, оқырмандардың ақпараттық және жеке сұраныстарына және Кітапхананы пайдалану ережесіне сәйкес КАО пайдаланушыларына жедел және сапалы кітапханалық-анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету;
    -кітапхана жұмысының әртүрлі формалары мен әдістерін қолдану арқылы, университеттің мәдени-тәрбие жұмысына қатысу, әлемдік қоғамдастықтың адамгершілік және мәдени құндылықтарын белсенді насихаттау, кітапхана пайдаланушыларын ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;
    -кітапхана қызметтерінің түрлерін кеңейту және сапасын арттыру;
    -сектор қорының сақталуын қамтамасыз ету.