Құрметті Кітапханалық-ақпараттық орталық пайдаланушылары! http://lib.tarsu.kz/index.php/kz/ сайты арқылы РМЭБ электронды кітапханасына (базасына) «Әлеуметтік желі арқылы кіру» үшін төмендегі нұсқаулықпен танысыңыздар.
Нұсқаулық
- Жеке мәліметтеріңізді енгізіңіз (Аты-жөніңіз).
- Сіз оқитын ЖОО немесе жұмыс істейтін білім беру ұйымын таңдаңыз. Егер ұйымыңызды тізімде таба алмасаңыз, «Басқа» пунктын таңдаңыз.
- «Жауап» пунктында әлеуметтік желіде https://vk.com/rmebrk жарияланған сұрақтың жауабын енгізіңіз (Тек қана бас әріппен және қазақ тілі әліпбиін пайдаланып жазылады! Мысалы: Қарағанды).
- «Кіру» батырмасын шертіңіз.
- Құжатты таңдау және көріп шығу үшін электронды каталогта оны іздестіру қажет. Бұдан басқа, сайттың басқа да қосымша мүмкіндіктерін қолдана аласыз.
- Сұрақ жауабы дұрыс берілмеген кезде – «Мәліметтер қате берілген» деген жазу шығады.