ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

  Сіздерді, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №2 оқу залының қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Ақпарат күндеріне» және «Кафедралар күндеріне» шақырамыз!
    - 2026 жылдың 24 ақпан - 13 наурыз аралығында, сағат 10.00-17.00 «Технологиялық» факультеті.
   Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, RFID технологиясын пайдалану, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отырып, кітапхана сайтының https://lib.dulaty.edu.kz құрылымы туралы мағлұмат аласыздар.
   Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, E-UNI, PROF образование, EBSCO, eLIBRARY.RU, Web of Science, Wiley Online Library,  Scopus  отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
                                                           БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
                                         Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
                                                             №2 оқу залы (2.1 технологиялық кешен)