Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!
EBSCO компаниясы сіздерді қараша айында өтетін вебинарлар сериясына қатысуға шақырады. Барлық вебинарлар тегін және орыс тілінде өткізіледі. Әр вебинардың ұзақтығы шамамен 1 сағат. Өздеріңізді қызықтырған шараны таңдап, тіркелу сілтемесі арқылы өтіңіздер. Электрондық поштаңызды мұқият көрсетіңіздер - сертификаттар сол мекенжайға жіберіледі. Тіркелгеннен кейін сізге вебинарға қосылу сілтемесі бар шақыру хаты келеді.
Вебинарларды өткізетін маман:
Сержан Ирина, клиенттерді оқыту жөніндегі маман (Молдова, Орталық Азия, Кавказ аймағы) Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Вебинар қатысушылары сертификат алады.
17 қараша, 12:00 (Астана уақыты)
EBSCO Connect – электрондық ресурстарды көрінетін және қолданылуын жеңілдететін құралдар алаңы (тек кітапханашылар үшін)
Бұл практикалық сабakta EBSCO Connect платформасын ресурстармен жұмыс істеуде қалай қолдануға болатыны көрсетіледі. EBSCO іздеу терезесін құру, оны кітапхана сайтына орналастыру, ресурстарға URL сілтемелер жасау, ұйымыңыздағы EBSCO ресурстарын көрінетін ететін қосымша қолданбалар туралы айтылады.
Тіркелу:
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_FFeSAWwTQhS20vGpgGQ-nA#/registration
18 қараша, 15:00 (Астана уақыты)
Жасанды интеллект арқылы іздеуді жақсарту. Ғылыми жұмыстар жазуда пайдалы EBSCOhost® құралдары
Бұл практикалық сабақта EBSCOhost платформасындағы жасанды интеллект атқаратын функциялар, AI арқылы іздеуді жақсарту жолдары, жеке аккаунт құру, құжаттарды және іздеу тарихын сақтау, әртүрлі форматта дәйексөз келтіру, тақырыптық және жаңа шығарылымдарға хабарламалар орнату, деректерді Zotero, Mendeley, EndNote секілді бағдарламаларға экспорттау қарастырылады.
Тіркелу:
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_lqIOSPvJR72yjEOmaJaENQ#/registration
19 қараша, 12:00 (Астана уақыты)
Қалтаңыздағы кітапхана: EBSCO мобильді қолданбасы туралы
Бұл вебинарда EBSCO мобильді қосымшасын жүктеу, жүйеге кіру және қолдану жолдары көрсетіледі.
Тіркелу:
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_AV-jsK38RMmUegmlQs6cwg#/registration
19 қараша, 15:00 (Астана уақыты)
Әлемнің ең танымал баспаларының электрондық кітаптарына тәулік бойы, кез келген жерден қол жеткізу!
Электрондық кітаптарды қолдану, толық кітаптар мен жеке бөлімдерді жүктеу, смартфон, планшет және ридерлерде пайдалану, Adobe Digital Editions орнату және авторизациядан өту жолдары көрсетілетін практикалық сабақ.
Тіркелу:
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_AGDPsihbS_C-t0Rf9yV59Q#/registration
20 қараша, 12:00 (Астана уақыты)
Цифрлық дәуірдегі кітапханашылардың кәсіби құзыреттері
Бұл вебинарда цифрлық заманда кітапханашы иеленуі тиіс кәсіби дағдылар талқыланады.
Тіркелу:
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_ygTElepUTrehHL5JZDmS1g#/registration
20 қараша, 15:00 (Астана уақыты)
Бизнес және экономика ресурстарына арналған жаңа бизнес-интерфейс
Бұл вебинарда бизнес саласына бағытталған жаңа мамандандырылған интерфейс — Business Searching Interface жайлы ақпарат беріледі. Ол компания профайлдарын, SWOT талдауларын, салалық есептерді, елдер бойынша экономикалық мәліметтерді қарауға және іздеуге мүмкіндік береді.
Тіркелу:
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_wlxTM4F8QLqkjSXtJfgvcA#/registration
Қазақша
Русский
English