Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл!

Құрметті оқырмандар!

   Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады. Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырды. Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етеді. Оның шығармаларындағы ой-тұжырымдар әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтан хакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру – ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі. Кітапханалық-ақпараттық орталық ұйымдастырып отырған «Ұлы Абай» атты виртуалды кітап көрмесін назарларыңызға ұсынамыз. https://www.calameo.com/read/006396347065e489e557b