Яндекс.Метрика

                                                                                                                

«БІР ЕЛ – БІР КІТАП-2019» АКЦИЯСЫ

Барлық кітап сүйер қауымға акция аясында таңдалынған шығармамен тереңірек танысу үшін Кітапханалық-ақпараттық орталық оқырман конференцияларын, кездесулер, түрлі танымдық әдеби кештер, өмірі мен шығармашылығына арналған тұсаукесерлер және т.б. көпшілік іс-шаралар өткізеді.
Осыған орай 27 ақпанда ГӘҒФ кешені, №405 аудиториясында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторы мен «Филология және журналистика» кафедрасының доценті, Балзия Баешованың «Көзайым» әдеби-шығармашыл жастар үйірмесі "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым, филология ғылымының докторы, проф., Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтің лирикалық өлеңдеріне арналған «Сыр сүлейі, жыр дүлейі» атты  әдеби-сазды  кешін өткізді.
Аталған іс-шараны Көркем әдебиет секторының қызметкері Нұргүл Кабазова оқырмандарды оқу мәдениетін арттыруға бағытталған «Бір ер - бір кітап» акциясының тарихына тоқтала келе,  биылғы, 2019 жылы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясының таңдауы  ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдері мен Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы таңдап алынғанын баяндады.
Кеш барысында студенттер ақынның өмірбаянына тоқталып, өлеңдерін оқыды. Ақынның сөзіне жазылған әндерді тебіренте орындады. Факультет деканы, phd докторы Жәмила Мамырханова студенттердің талабына, талпынысына жоғары баға беріп, бұндай жиындардың студенттің шығармашылдық мүмкіндігін шыңдауына септігін тигізетінін айтты. Барша жасты көбірек оқып, өз ойларын еркін жеткізіп, белсенді болуға шақырды.
Әбділда Тәжібаевтің лирикалық өлеңдеріне арналған кеш слайдпен сүйемелденді. Сонымен қатар, оқырман назарына Көркем әдебиет секторының кітапханашысы Нұргүл Кабазованың дайындаған «Ұлы заманның жыршысы» атты кітап көрмесі ұсынылды.
«Филология және журналистика» кафедрасының доценті Балзия Баешова өз сөзінде кешке атсалысқан студенттерге алғысын білдіріп, белсенді қатысқан студенттерді Университетіміздің Бірінші проректорының алғыс хатымен марапаттады. Көркем әдебиет секторының қызметкері Нұргүл Кабазова барша оқырман қауымды «Бір ел – бір кітап» акциясына қатысып, ақын-жазушыларымыздың шығармашылығымен танысуға шақырды.
«Көзайым» әдеби-шығармашыл жастар үйірмесінің келесі белсенді мүшелеріне алғыс білдіреміз: Асқар Қожағұл, Гүлжауһар Бажақай, Гүлнұр Бекбай, Аяулым Ишанбекова, Айнұр Жұмабай, Анар Матчанова, Сара Макуова, Ақмарал Әлдибай, Мұқағали Балтабаев, Нұрсұлтан Тұрғынов, Жанерке Үкібаева, Жанерке Дүйсен, Айбол Құрманалиев, Балым Өскенбай, Ару Датаева, Диана Жанұзақ, Сабрина Кирбаева, Лаура Абайқызы, Адина Исатай, Сандинат Совет.