Яндекс.Метрика

                                                                                                                

«100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» - БОЛАШАҚҚА БАСТАМА»

Қазақ  тіліндегі  100 жаңа  оқулық

2019 жылдың 19-ақпанында сағ.14.30 да университетіміздің кітапханалық- ақпараттық орталығының №1 оқу залы мен «Филология және журналистика» кафедрасының студенттерінің  ұйымдастырумен қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықты насихаттау, олардың әлемдік ғылыми әдебиеттерге деген қызығушылығын арттыру,  ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша «Ұлттық аударма бюросынан» аударылған 19 аталымнан тұратын оқулықты таныстыру мақсатында «100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» - БОЛАШАҚҚА  БАСТАМА»  атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында №1 оқу залының кітапханашысы  Р. Жолтаева «Әлем  маржандары  қазақ тілінде» көрмесімен және «100 жаңа оқулық» жобасы  жайлы айтып өтті. 1-курс білімгері  Пралиева Айгул сөз алып, білімгерлерге «100 жаңа оқулық» жобасы аясында шыққан 19 аталымнан тұратын оқулық жайында авторлар мен кі­тап мазмұнын жан-жақ­ты түсіндіріп берді. Іс-шараны өткізу кезінде психология мамандығының 3-курс білімгерлері Г.Паримбай, С.Букешова, Ж.Ергешбаева, Филология мамандығының 1-курс білімгерлері Н.Айтбекқызы, Ж.Шаяз, тарих мамандығының 1-2 курс білімгерлері Қ.Бекниязов,  Қ.Қыздарбек оқыған  кітаптарын  ортаға салып, пікірлерін айтты. Кеш соңында топ кураторлары Ғ.Абдыханова, З.Қойгелдиева қорытынды сөз сөйледі. Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылауға байланысты бейнеролик көрсетілді.