Хабарландыру!

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

  Сіздерді, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №6 оқу залының қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Ақпарат күндеріне» шақырамыз!
    - 2025 жылдың 17-21 ақпан аралығында, сағат 10.00-17.00 «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің білім беру бағдарламалары бойынша,  «Әлеуметтік психология», «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру», «Педагогика», «Педагогикалық психология», «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедраларына.
   Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отырып, кітапхана сайтының http://lib.dulaty.kz/ құрылымы туралы мағлұмат аласыздар.
   Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, Университетская библиотека ONLINЕ, Web of Science, Wiley Online Library, CAB Abstracts-отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
                                                           БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
                                         Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
                                                             №6 оқу залы (5.2 педагогикалық кешен)