«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында

Құрметті оқырман қауым!

  Сіздерді 2025 жылдың ақпан айының 12-ші жұлдызында, сағат 16-00-де «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында  №5 оқу залы қызметкері мен Тараз университетінің «Ұя» жастар ұйымы  бірлесіп  ұйымдастырған  «Оқуға құштар жастар» тақырыбындағы  дөңгелек үстелге шақырамыз!
   Іс-шараның мақсаты  - өңір жастарын кітап оқуға баулу, мәдениетті адам болуы үшін келешек ұрпақты рухани байлық - кітапты дәстүрлі оқи алатындай тәрбиелеу процессіне өзіндік үлесін қосу.
   📍 Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық, №5 оқу залы (4.1 кампус, Төле би, 68)