Хабарландыру!

«БІР ЕЛ – БІР КІТАП - 2025» АКЦИЯСЫ
Құрметті оқырман қауым!

  Сіздерді 2025 жылдың ақпан айының 7-ші  жұлдызында, сағ. 12.00-де «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында   проза жанры бойынша ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығына арналған «Қазақ әдебиетінің сырлы суреткері – Тәкен Әлімқұлов» тақырыбында ашық алаңға шақырамыз! 
   Республикалық акцияның мақсаты - қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру. Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін насихаттау.
   Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,   №5 оқу залы (4.1 кампус, Төле би, 68)