Springer Nature журналдары мен мақалаларына 2025 жылғы 5 ақпаннан 5 наурызға дейін 1 айға тестілік қол жетімділік
Құрметті ғалымдар, зерттеушілер, докторанттар, оқытушылар 2025 жылдың 5 ақпанынан 5 наурызына дейін Springer Nature журналдар мен мақалаларға тестілік қол жетімділікті ұсынады.
Осы кезеңде университеттің компьютерлерінен немесе қашықтықтан (тіркеуден кейін) Scopus құрамына кіретін және Web of Science импакт-факторы бар мақалалар мен журналдарды іздеуге, жүктеуге, зерттеуге, құрастыруға болады.
-журналдар мен мақалалар https://link.springer.com / 1997-2025 жылдардағы мақалаларға қол жетімділік ашылды. Олардың ішінде 2000-нан астам рейтингтік ғылыми журналдар мен барлық ғылыми бағыттар бойынша 6 млн.астам мақалалар бар.
-журналдар мен мақалалар https://www.nature.com / 2000-2025 жылдардағы мақалаларға қол жетімділік ашық. Озық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы әлемдегі ең ықпалды 100-ден астам журналдар, олардың ішінде Nature, Nature Biomedical Engineering, Nature Catalysis, Nature Chemistry және т. б. журналдар бар.
Тестке қол жетімділік кезінде семинарлар өткізіледі:
2025 жылғы 11 ақпан, сағат 15.00-де - " Сайтпен жұмыс. Әдебиеттерді таңдау: Диссертацияңызда, мақалаңызда немесе ғылыми жобаңызда тиімді жұмыс істеу үшін Springer Nature журналдары мен мақалалары".
2025 жылғы 18 ақпан, сағат 15.00-де - " Сайтпен жұмыс. Әдебиеттерді таңдау: Диссертацияңызда, мақалаңызда немесе ғылыми жобаңызда тиімді жұмыс істеу үшін Springer Nature журналдары мен мақалалары".