Яндекс.Метрика

                                                                                                                

ВЕБИНАР!

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

   E-UNI.KZ білім беру платформасын әзірлеуші  және оқулықтар мен кәсіби әдебиеттерді  басып шығаратын  баспа болып табылатын - «EDP Hub (Идипи Хаб)» ЖШС компаниясы- жаңа білім беру платформасын тексеріп, баға беру мақсатында  -  19.04.2024 жылға дейін Дулати университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер үшін  https://e-uni.kz/ ресурсқа тестілік қол жетімділікті ұзартты.  
   Сіздер https://e-uni.kz/ ресурсқа баға беру алдында  вебинарға қатысуларыңызды сұраймыз!
   ВЕБИНАР  ӨТЕТІН КҮНІ -  05.04.2024 г. 15.00-де.
   Тіркелу сілтемесі: 
https://us05web.zoom.us/j/83984418614?pwd=DsAFi9T5yZav9WjnKqnJFknaoeozo0.1
   Конференцияның  идентификаторы: 839 8441 8614
   Кіру коды: 9CZq6s
   Тіркелгеннен кейін электрондық поштаңызға конференцияға кіру туралы ақпаратты қамтитын растау хат аласыз.

    E-UNI.KZ https://e-uni.kz/ - цифрлы кітапхана дегеніміз  не?
   Бұл - оқу және ғылыми басылымдардың бірегей көптақырыптық базасы, оқу мен оқытуға ыңғайлы қызметтер, экономиканың түрлі салаларында білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың заманауи құралы.
 Платформа E-UNI.KZ цифрландыру трендін ескере отырып, университеттер мен колледждердің білім беру ортасына ең жақсы шешімдерді біріктіруге көмектесуге арналған.
 E-UNI.KZ - пайдалану тиімділігі:
   -  Техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ)  мен  Жоғарғы Білім Беру (ЖББ)  бағыттары бойынша оқу және ғылыми әдебиеттердің тек лицензиялық өзекті контентін пайдалану, оны үнемі жаңарту;  
   -  қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі көптілді контент;
   - Қазақстанның жетекші университеттерінің басылымдары кең көлемде ұсынылған. Олар: М.Х.Дулати  атындағы Тараз өңірлік университеті,  Абай атындағы  Қазақ ұлттық  педагогикалық университеті, С.Сейфуллина атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу  университеті, ALMA University  т.б.
  -  Платформада қызықты және өзекті тақырыптар бойынша онлайн курстар мен дәрістер ұсынылады. Қолдануға болатын барлық нәрсе өзін-өзі дамыту үшін немесе топтық оқыту;
   7000-нан астам мазмұн бірлігі
   Платформаның электронды каталогында цифрлық технологиялар, педагогика, инженерлік және жаратылыстану ғылымдары, экономика және құқық, өнер туралы, сонымен қатар  Қазақстан мен Ресейдің жетекші университеттерінің медицинасы саласындағы әдебиеттер жинағы ұснылуда;
   - Ұлттық басымдықтарға назар аударылған - қазақстандық авторлар әзірлеген басылымдарға;
   -  университет оқытушылары мен кітапханаларына арналған заманауи қызметтер;
   -  білім алушының "ізінің" цифрлық бейінін қалыптастыру.
   E-UNI.KZ  қолдау қызметі: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 
         Сіздердің пікіріңіз біз үшін маңызды!
         Ұстаздарды бірігіп кітап шығаруға шақырамыз!