Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!
Сіздерді, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №8 оқу залының қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Ақпарат күндері» және «Кафедралар күндеріне» шақырамыз!
- 2024 жылдың 13-20 наурыз аралығында, сағат 10.00-17.00 «Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру» институты.
Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отырып, кітапхана сайтының http://lib.dulaty.kz/ құрылымымен, «Онлайн қызмет көрсету», «Зерттеушілерге», «Оқырмандарға», оқырман ретінде тіркелу жолдары және т.б. мүмкіндіктер туралы мағлұмат аласыздар.
Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, Университетская библиотека ONLINЕ, Web of Science, Wiley Online Library, CAB Abstracts-отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
№8 оқу залы (6.1 гидрокешен)