Яндекс.Метрика

                                                                                                                

«БІР ЕЛ – БІР КІТАП - 2024» АКЦИЯСЫ

Құрметті оқырман қауым!

   Биылғы жылы  "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, ЮНЕСКО шеңберінде 100 жылдығы аталып өтілетін - Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқимыз. Осыған орай, Сіздерді 9 ақпан күні сағат 12.00-де «Халқы сүйген қаламгер» тақырыбында өтетін  қазақ балалар жазушысы, сценарист Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған ашық сұқбат алаңына шақырамыз.
   Республикалық акцияның мақсаты - қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру.
   Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,   №5 оқу залы (4.1 кампус, Төле би, 68)