Яндекс.Метрика

                                                                                                                

Жастар - ел үміті!

    2023 жылдың қараша айының 3 жұлдызында Кітапханалық ақпараттық орталықтың №5 оқу залында Тараз өңірлік университетінің «Жамбыл еріктілер қозғалысы» ұйымымен бірлесе ұйымдастырылған  «Жастар - ел үміті» атты тәрбие сағаты өткізілді.
   Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді мүшесі. Бүгінгі жастар – егеменді елдің ертеңгі үміті, ата-бабамыз сан жылдар армандаған тәуелсіздігімізді көзінің қарашығындай сақтайтын ұрпақ жалғасы. Өз Отанын әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына қосу - білікті, иманды, саналы ұрпақтың қолында екенін іс –шара барысында жас ұрпақ дәлелдеп өтті. 3 кезеңнен тұрған іс-шараға атсалысқан жастар өз ойларын ашық жеткізіп қана қоймай, алаңды одан сайын өрбіту үшін, тәрбие тақырыбына байланысты пікір талас дебат өткізді.